Қазақстан Республикасында Статистикалық есепті табыс ету тәртібін бекіту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі 2000 жылғы 26 маусым N 44. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 4 желтоқсан N 1320 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Статистика жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 72 ~V021947 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашу және жабу мәселелерiн құқықтық реттеудi жетiлдiру мақсатында, бұйырамын: 
      І. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1998 жылғы 7 қаңтардағы N 4-Ө  бұйрығымен  бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуды және жабуды келiсу тәртiбi туралы ережеге" мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. "Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуды және жабуды келiсу тәртiбi туралы нұсқаулық". 
      2. 7-тармақтың г) және д) тармақшалары алынып тасталсын. 
      3. 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. 7-тармақтың б тармақшасында аталған құжаттарды егер оларды Қор лицензия алған кезде тапсырған болса, тапсырмауға да болады (мәлiметтер Қордың бизнес-жоспарына енгiзiлдi). 
      Филиалдың басшы қызметкерлерi оны ашуға Комитеттiң рұқсатын алғаннан кейiн 2-айлық мерзiмде алатын лауазымына сәйкестiгi жөнiнде Комитетте бiлiктiлiк емтиханын тапсыруы тиiс. 
      Бiлiктiлiк емтиханын тапсырғаннан кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде Қор Комитетке филиалдың басшысына берiлген, оның құзiретi көрсетiлген, екi данадан тұратын сенiмхатты, оның бiреуi Қорға қайтарылады, ұсынуға мiндеттi". 
      4. 10-тармақтың б) тармақшасы "немесе Қордың өзiне" деген сөздермен толықтырылсын. 
      5. 11-тармақ "10 жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын. 
      6. 16-тармақтың в) және г) тармақшалары алынып тасталсын. 
      7. 16-тармақ мынадай мазмұндағы азат жолдармен толықтырылсын: 
      "Өкiлдiктiң басшы қызметкерлерi өкiлдiктi ашуға Комитеттiң рұқсатын алғаннан кейiн 2-айлық мерзiмде алатын лауазымына сәйкестiгi жөнiнде Комитетте бiлiктiлiк емтиханын тапсыруы тиiс. 
      Бiлiктiлiк емтиханын тапсырғаннан кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде Қор Комитетке өкiлдiктiң басшысына берiлген, оның құзiретi көрсетiлген, екі данадан тұратын сенiмхатты, оның бiреуi Қорға қайтарылады, ұсынуға мiндеттi". 
      8. 19-тармақтағы "Агенттiк филиалды (өкiлдiктi) ашуға рұқсат берумен бiр мезгiлде филиалдың (өкiлдiктiң) басшысына берiлген сенiмхаттың екi данасын қайтарып бередi, оған Агенттiк белгi соғады" деген сөйлем алынып тасталсын. 
      9. 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "20. Белгiленген үлгiдегi филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркеу куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi және статистикалық картаның көшiрмесi тiркеуден өткеннен кейiн 10 жұмыс күнi iшiнде Комитетке тапсырылуы тиiс". 
      10. Мынадай мазмұндағы 23-шi тармақпен толықтырылсын: 
      "23. Филиалды жабу туралы белгiленген тәртiппен шешiм қабылдағаннан кейiн Қор есептiк тiркеу (қайта тiркеу) куәлiгiнiң күшiн жою жөнiнде және филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны туралы мәлiметтер тiзiмiне енгiзу шараларын қабылдауға мiндеттi. 10 жұмыс күнi iшiнде Қор Комитетке аумақтық әдiлет басқармасының тиiстi шешiмi туралы бұйрығының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi." 
      Бүкiл мәтiн бойынша "Ұлттық зейнетақы агенттiгi", "Агенттiк", "Агенттiкпен", "Агенттiктiкi" деген сөздер "Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитет", "Комитет", "Комитетпен", "Комитеттiкi" деген тиiстi сөздермен ауыстырылсын. 
      II. Заң бөлiмi (Ә.Ш. Тлеуiшев) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1998 жылғы 7 қаңтардағы N 4-Ө бұйрығымен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуды және жабуды келiсу тәртiбi туралы ережеге "өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 27 маусымындағы N 70-Ө бұйрығын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге жiберсiн.     

       Төрағаның міндетін атқарушы