Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне N 25 өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2000 жылғы 26 қазандағы N 462 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қараша N 1297 тіркелді

      Целинный аудандық мәслихаты сессиясының және аудан әкiмiнiң өтiнiштерi негiзiнде және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Z934200_ Заңның 11-шi бабына сәйкес облыстық мәслихаттың II сессиясы және облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Оны Тахтаброд селолық округiнiң құрамынан шығару және оған Салқынкөл, Тахты селоларын қосу жолымен Салқынкөл селолық округi құрылсын. Округтiң әкiмшiлiк орталығы болып Салқынкөл селосы белгiленсiн.
      2. Оны Андреев селолық округiнiң құрамынан шығару және оған Гавриловка, Сарыбұлақ селолары мен Мәдениет ауылын қосу жолымен Қоғалыжар селолық округi құрылсын. Округтiң әкiмшiлiк орталығы болып Гавриловка селосы белгiленсiн.
      3. Оны Новосельский селолық округiнiң құрамынан шығару және оған Шұқыркөл, Қарағаш, Қазақстанның 15 жылдығы селоларын қосу жолымен Шұқыркөл селолық округi құрылсын. Округтiң әкiмшiлiк орталығы болып Шұқыркөл селосы белгiленсiн.
      4. Целинный ауданының әкiмi (Сүлейменов С.И.) құрылған селолық

округтер аппараттарын ұстауға қаржы iздестiруге, аудандағы 
әкiмшiлiк-аумақтық өзгерiстермен байланысты қажеттi процессуалдық 
iс-қимылды екi ай мерзiмде жүргiзуге мiндеттелсiн.
     5. Целинный ауданының әкiмi (Сүлейменов С.И.) осы шешiмнiң орындалуы 
туралы 2000 жылғы 1 желтоқсанда хабарлайтын болсын.
         Облыстық мәслихат                     Облыс
        VII сессиясының                       әкiмi
            төрайымы
 
 
     (Маман: Д.Қ. Ысқақова)