Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 тамызда тіркелді. N 1236. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 575 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ), "Үлбi металлургия зауыты" ААҚ-мы, "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ және "Ньюкем Нюклеа ГмбХ" арасындағы уран материалын сату мен сатып алуға арналған 2000 жылғы 28 наурыздағы нөмiрсiз келiсiм-шартының ережелерiне сәйкес (СЭҚ ТН коды 284420290, 284410390) Қазақстан Республикасына байытылған, табиғи және азайтылған уран түрiндегi уран материалын әкелуге рұқсат етiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi көрсетiлген өнiмнiң импортына заңнамада белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi жоғарыда аталған өнiмнiң кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі