Қызмет бабында пайдалану үшін "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты" бекiту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі 2000 жылғы 13 шілдедегі N 165 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1233

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09 N 214 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің штат саны лимитін 3 бірлікке қысқарту есебінен, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің штат санының лимиті 3 бірлікке көбейтілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне қысқартылатын штат санына сәйкес көлемде қаражат беруді қамтамасыз етсін.
      3. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1433 P991433_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген, 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 3-жолдағы, 3-бағандағы "863" саны "860" санымен ауыстырылсын; реттік нөмірі 21-жолдағы, 3-бағандағы "52" саны "55" санымен ауыстырылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі