2000 жылға арналған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына N 19 толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 4 тамызда N 1214 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 339 (тіркелген N 1214) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 19 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------       

      Қазақстан Республикасының "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
      бюджет шығыстарының сыныптамасында:
      "5.2.254.45.32 Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге стационарлық көмек көрсету" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "5.2.263 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм бойынша атқару органы
      5.2.263.55 Жергілікті деңгейде балаларды оңалту".
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Министр