"Қазыналық кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен есептілігінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын операцияларды көрсету ережесін" бекіту туралы"

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 маусымдағы N 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1191. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.23.  N 58  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. "Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781  P991781_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 512-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша ел iшiндегi жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау бағдарламаларының әкiмшiлерi болып белгiленсiн".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі