2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 12 толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылғы 17 мамыр N 239 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 шілде N 1181 тіркелді

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн енгiзу бойынша дайындық шараларын өткiзу қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 V991011_ қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасындағы "2000 жылдың I тоқсанында" деген сөздер "2000 жылдың 1 шiлдесiнен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мусаев Р.Н.) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк Төрағасы