Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетi төрағасының 1999 жылғы 23 сәуiрдегi N 66 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 мамырдағы N 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1147. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.

      "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Z960019_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      10-баптың он үшінші абзацындағы "резервтік қорынан" деген сөздер "резервінен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11-баптың екінші бөлігінің сегізінші абзацындағы "резервтік қорынан" деген сөздер "резервінен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-бапта:
      екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қатысты бөлігінде көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет құрамындағы резервінің көлемі туралы, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құру туралы шешімдер қабылдайды;";

     он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
     "- бекітілген бюджет нысаналарына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын 
алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз 
етеді және материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа 
ресурстардың жергілікті қорларын құрып, пайдаланады;"; 
     29-бап алып тасталсын. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Икебаева Ә.Ж.