"Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiн және Қазақстан Республикасынан шығуын бақылау жөнiндегi келiсiлген шаралар туралы" нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 2/36 БҰЙРЫҚ. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Тіркеу N 1100. Бірлескен бұйрығының күші жойылды - ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының 2005 жылғы 17 қазандағы N 148, ҚР Iшкi iстер министрлігінiң 2005 жылғы 6 қазандағы N 439 бiрлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.02.2014 № 43 қаулысымен.

      Астана қаласын елдiң саяси және мәдени астанасы ретiнде одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Астана қаласының әкiмiне:
      Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қатысуымен 2000 жылы Астана қаласында қазыналық мемлекеттiк мекеме - "Ақ Орда" опера және балет театрын (бұдан әрi - Театр) құру;
      Театрдың қызметкерлерiн басымдықты тәртiппен тұрғын Үймен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N 507
               қаулысымен. P000507_
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 2000 жылдың 10 маусымына Темiржолшылардың мәдениет сарайын қайта жаңартуды аяқтасын және аяқталғаннан кейiн заңдарда белгiленген тәртiппен онда Театрды орналастыру үшiн Астана қаласы әкiмiнiң балансына берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Театрдың шығармашылық ұжымын, репертуарын қалыптастыруға ноталық материалдарын, аспаптарын сатып алуға жәрдемдессiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен 2001 жылы Театрды коммуналдық меншiктен республикалық меншiкке берудi;/
      Театрды 2001 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі