2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2000 жылғы 18 ақпандағы N 65 Бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 16 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1081. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1433  

P991433_

  қаулысына мынадай 
өзгерістер енгізілсін:
     1) көрсетілген қаулымен бекітілген 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап 
жұмыс істейтін министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар 
қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
     3-реттік нөмір жаңа редакцияда жазылсын:
"3   Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі                863
                оның ішінде:
     1) Қазынашылық комитеті                                    154
     2) Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру 
        комитеті                                                118   
     3) Қаржы бақылау комитеті                                  71";
     2) көрсетілген қаулымен бекітілген 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап 
жұмыс істейтін министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық 
органдары қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
     2-реттік нөмір жаңа редакцияда жазылсын:
"2   1) Қазақстан Республикасы
     Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті                  4180
     2) Қазақстан Республикасы
     Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
     және жекешелендіру комитеті                                 250
     3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
     Қаржы бақылау комитеті                                      948".
     
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
  

    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.