Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы N 16-ө
бұйрығымен.
Үзінді:
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Келістіру комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 15 ақпан N 37-п бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
_________________________________________________
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97, 98, 100 және 101-баптарын дәл қолдану және еңбек дауларын қарау тәртiбiн реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Келiстiру комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртiбi туралы Нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнің Мемлекеттiк еңбек инспекциясының 6асқармасы (С. Бисақаев) осы Нұсқаулықты қолдану бойынша жергілiктi жерлерде қажеттi түсiндiрме жұмыстарын ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың атқарылуын бақылау Еңбек қатынастары департаментiнiң директоры В.В. Кожевниковке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2000 жылғы
15 ақпандағы N 37-п
бекітілген
Келістіру комиссияларының еңбек дауларын
қарау тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Жеке еңбек дауы - қызметкер мен жұмыс берушi арасындағы еңбек туралы заңдарды қолдану мәселелерi жөнiндегi, жұмыс берушi (жұмыс берушi өкiлi) мен қызметкер (қызметкер өкiлi) арасында бұрын реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы келiспеушiлiктер.
2. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес еңбек даулары тараптардың келiсiмi бойынша немесе сот тәртiбiмен қаралады.
3. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабына сәйкес еңбек дауларын тараптардың келiсiмi бойынша келiстіру комиссиялары қарауы мүмкін.
2. Келiстiру комиссиясын ұйымдастыру
4. Келiстiру комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) жұмыс берушiнiң өкiлдерi мен қызметкерлер өкiлдерiнiң тең мүшелерiнен тепе-тең негiзде құрылады.
5. Қызметкерлер өкiлдерiн келiстiру комиссиясына ұйымның жалпы жиналысы (конференция) тағайындайды.
6. Жұмыс берушiлер өкiлдерiн Комиссия құрамына ұйымның басшысы тағайындайды.
7. Жұмыс берушi өкiлдерiнiң саны жалпы жиналыста белгiленген қызметкерлер өкiлдерiнiң санына сай келуге тиiс. Комиссияның сандық құрамы мен оның өкiлеттiк ететiн мерзiмiн тараптардың өкiлдерi белгiлейдi.
8. Комиссия мүшелерi алғашқы ұйымдастыру мәжiлiсiнде өз құрамынан
төраға мен хатшыны сайлайды. Комиссияның төрағасы мен хатшысы егер олар
үшiн Комиссия мүшелерiнiң жартысынан астамы дауыс берсе сайланған деп
саналады.
9. Комиссияның төрағасы болып кез келген тараптың өкiлi сайлануы
мүмкiн.
10. Келiстiру комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi
(жабдықталған үй-жайлар, оргтехника, қажеттi әдебиеттер беру, iс
жүргiзудi, қызметкерлердiң өтiнiштерiн есепке алу мен сақтауды
ұйымдастыру, шешiмдердiң көшiрмелерiн дайындап, беру және т.б.) жұмыс
берушi жүргiзедi.
3. Комиссияның еңбек даулары бойынша құзыретi
11. Комиссия еңбек үрдiсi кезiнде қызметкер мен жұмыс берушi арасында
туындайтын еңбек дауларын қарау жөнiндегi орган болып табылады.
Комиссия:
1) басқа жұмысқа ауысу және басқа жұмысқа ауысу кезiнде еңбекақы
төлеу;
2) жеке еңбек шарттарының талаптарына өзгерiстер енгiзу;
3) жұмыс уақытының режимi, еңбек тәртiбi;
4) демалыстың ұзақтығы, соның iшiнде жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы;
5) тәртiптiк шаралар қолдану туралы;
6) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi еңбек
дауларын;
7) еңбек туралы заңдар, жеке және ұжымдық шарттарды қолдану
мәселелерi жөнiндегi басқа да дауларды қарауы мүмкiн.
4. Еңбек дауларын қарау тәртiбi
12. Еңбек туралы заңдарда өзгеше көзделмегендiктен қызметкер еңбек дауларын қарау үшiн Комиссияға азаматтық заңдарда белгiленген мерзiмдерде өтiнiш жасауға құқылы.
13. Комиссияға келiп түскен қызметкердiң өтiнiшi комиссия хатшысында мiндеттi түрде тiркелуге тиiс. Өтiнiштi алудан бас тартуға жол берiлмейдi. Хатшы өтiнiштi дәлелденген шешiмдер шығаруға тиiстi Комиссияның қарауына беруге мiндеттi.
14. Комиссияның отырысы, әдетте, жұмыстан тыс уақытта өткiзiледi. Егер белгiлi бiр себептермен еңбек дауларын жұмыстан тыс уақытта қарау мүмкiн болмаса сол ұйымда жұмыс iстейтiн комиссия мүшелерiне, қызметкерге, куәгерге, сарапшыға және басқа қатысушыларға ұжымдық шарт негiзiнде, ал ол жасалмаған болса жұмыс берушiнiң шешiмiмен жалақысы сақтала отырып уақыт берiледi.
15. Еңбек дауы өтiнiш берген қызметкердiң қатысуымен қаралады. Қызметкердiң өзi болмағанда дауды қарауға оның жазбаша өтiнiшi бойынша ғана жол берiледi. Қызметкер Комиссия отырысына келмеген жағдайда өтiнiштi қарау кейiнге қалдырылады. Қызметкер екiншi рет себепсiз келмей қалған жағдайда Комиссия бұл өтiнiштi қараудан алып тастау туралы шешiм шығарады, ал бұл қызметкердi тағы да өтiнiш жасау құқығынан айырмайды.
Бұл жағдайда өтiнiш алғаш рет түскен ретте қаралады.
16. Комиссия iстiң мән-жайын анықтау үшiн отырысқа куәгерлердi, мамандарды шақыруына болады.
17. Егер Комиссия мүшелерiнiң кемiнде жартысы, қызметкерлер өкiлдерi мен жұмыс берушiлер өкiлдерi тепе-тең процентпен қатысса оның отырысы өкiлеттi деп саналады.
5. Комиссияның еңбек даулары жөнiндегi
шешiмдердi қабылдау тәртiбi
18. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабына сәйкес келiстiру комиссиясы еңбек дауын өтiнiш түскен күннен бастап үш күн iшiнде қарауға мiндеттi.
19. Комиссияның әрбiр отырысында еңбек дауларын қараудың барысы жазылатын белгiленген нысан бойынша хаттама жүргiзiлуi керек. Қарау нәтижелерi бойынша келiстiру комиссиясы шешiм шығарады.
20. Шешiмге отырыс бiткесiн төраға мен хатшы қол қояды. Комиссия отырысының шешiмiнiң көшiрмесi үш күн iшiнде қызметкер мен жұмыс берушiге тапсырылады.
21. Комиссия шешiмiне айрықша талап қойылады, ол тиянақты, үзiлдi-кесiлдi болуы және оның мүшелерiнiң басым көпшiлiк дауысымен қабылдануға тиiс. Жекелеген мүшелер көпшiлiк пiкiрiмен келiспеген жағдайда олар өз пiкiрлерiн бiлдiрiп, ол хаттамаға тiркеледi.
22. Шешiм әкiмшiлiкке үндеу ретiнде рәсiмделмеуге тиiс (мәселен, "жұмыс берушiден өтiнуге", "директорға ұсыныс беруге" және т.б.). Онда: қызметкердiң талабы қанағаттандырылғаны немесе одан бас тартылғандығы, егер iшiнара қанағаттандырылса, нақты қай бөлiгiне қатысты қанағаттандырылғаны, және бас тартылса қандай себептермен бас тартылғаны көрсетiледi.
Ақшалай талаптар мәселелерi бойынша шешiмде қызметкерге тиесiлi нақты
сома көрсетiлуге тиiс.
23. Комиссия шешiмiнiң күшi мiндеттi, ол қайсыбiр дәлелдемелердi
керек етпейдi. Шешiм дәлелдi болуға, еңбек туралы қолданылып жүрген заңдар
мен жеке және ұжымдық шарттарға, iшкi күн тәртiбi мен нұсқаулықтарға
негiзделуге тиiс.
24. Егер Комиссияның шешiмдерiн атқару барысында тараптар арасындағы
дауды түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаса, онда ол алғашқысын
түсiндiретiн қосымша шешiм шығаруға құқылы.
6. Комиссияның еңбек даулары жөнiндегi шешiмдерiн
орындау және оған шағымдану
25. Өтiнiш иесiнiң талаптарын қанағаттандырған келiстiру
комиссиясының шешiмiн келесi жақ үш күн мерзiмде атқарады (Еңбек туралы
заңның 100-бабы).
26. Комиссияның еңбек даулары жөнiндегi шешiмiмен келiспеген жағдайда
қызметкер немесе жұмыс берушi сотқа шағымдануға құқылы.
7. Еңбек дауларын сотта қарау тәртiбi
27. Еңбек дауларын сотта қараудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының
заңдары белгiлейдi.
28. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңның 101-бабына
сәйкес қызметкерлер еңбек құқығы қатынастарынан туындайтын талаптар
бойынша сотқа шағымданғанда мемлекет кiрiсiне түсетiн (iстi қараумен
байланысты мемлекеттiк баж және шығындар) сот шығынадарын төлеуден
босатылады.
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.