Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын қалыптастырудың негізгi талаптары туралы нұсқаулыққа" өзгерiстерiн және толықтыруларын бекiту туралы

БҰЙРЫҚ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2000 жылғы 31 қаңтар N 9-Ө. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 29 ақпан өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1067. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы N 127 қаулысымен.

      Мұнайгаз саласындағы жұмысты жүйелендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жарғылық қорына мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамы құрылсын.
      1-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 72500 (жетпіс екі мың бес жүз) теңге бөлсін.
      Ескерту. 1-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.07. N 364
               қаулысымен. P000364_
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Осы қаулының 1-1-тармағында көрсетілген ақшадан басқа "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру үшін берілетін мүліктің тізбесін айқындасын;
      2) "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамының жарғысын бекітсін және тіркесін;
      3)
      4)
      5) осы қаулыны іске асыру үшін қажетті өзге де шараларды қолдансын.
      Ескерту. 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
               2000.03.07. N 364 қаулысымен. P000364_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 3),4)-тармақшалары алып тасталды - ҚР Үкіметінің
               2001.05.02. N 591 қаулысымен. P010591_
      3. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамы газ құбырларының маркетингі, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, нобайлық жобалау, салу, соның ішінде газ тасымалы жөніндегі барлық ішкі және халықаралық жобалар мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан

 

Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіреді.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Орынбекова Д.Қ.