Ақмола облысындағы жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi қайта атау және олардың транскрипцияларын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 14 қарашадағы N 3759


     "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына
сәйкес қаулы етемiн:

     1. Мыналар:
     Алексеев ауданы - Ақкөл ауданы;
     Алексеев қаласы - Ақкөл қаласы;
     Балкашин ауданы - Сандықтау ауданы;
     Вишнев ауданы - Аршалы ауданы;
     Краснознамен ауданы - Егiндiкөл ауданы;
     Макин ауданы - Бұланды ауданы;
     Державин ауданы - Жарқайың ауданы болып қайта аталсын.

     2. Мыналардың транскрипциясы:
     Ерментау ауданы - Ерейментау ауданы;
     Ерментау қаласы - Ерейментау қаласы;
     Кургальджин ауданы - Қорғалжын ауданы болып өзгертiлсiн.

     3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi