Павлодар облысының Ақсу және Екiбастұз аудандарын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 7 мамырдағы N 3490


     "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  

Z934200_

 
9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
     1. Павлодар облысының Ақсу және Екiбастұз аудандары таратылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру
жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi