Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын жетiлдiру жөнiндегi бұдан былайға шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 3 мамырдағы N 3483


     "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының  

Z934200_

  9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
     1. Мына облыстар таратылсын:
     1) Жезқазған облысы;
     2) Көкшетау облысы;
     3) Семей облысы.
     2. Мына облыстардың:
     1) таратылып отырған Жезқазған облысының аумағы енгiзiлiп,
Қарағанды облысының;
     2) таратылып отырған Көкшетау облысының аумағы енгiзiлiп,
Солтүстiк Қазақстан облысының;
     3) таратылып отырған Семей облысының аумағы енгiзiлiп, Шығыс
Қазақстан облысының шекаралары өзгертiлсiн.


      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын. Үш апта мерзiмде құрылған облыстардың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы ұсыныс енгiзсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
            Президентi