Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3466

      Алматы қаласы мен Алматы облысының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсынысын ескерiп және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Алматы қаласының шекарасы өзгертiлiп оның шегiне Алматы облысының Талғар ауданы Алатау поселкесiнiң жерi осы поселке шекарасы шегiнде қосылсын.
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi