Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Киров ауданының атын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 9 қазан N 3132

      Оңтүстiк Қазақстан облысының жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiшi мен жұртшылығының тiлегiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясы тұжырымының негiзiнде ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Киров ауданының аты Асықата ауданы болып өзгертiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi