Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнде 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 60 жасқа жеткен азаматтардың салымдарына өтем жасау туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 мамырдағы N 2988 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк саясат жөнiндегi ұлттық кеңестiң 1996 жылғы 29 ақпанда өткен мәжiлiсiнде айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескерiле отырып пысықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сәйкестiлiгiн қалыптастыру тұжырымдамасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және Бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi (А.Сәрсенбаев) тұжырымдаманың мәтiнiн "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланатын және жеке басылыммен қазақ және орыс тiлдерiнде кiтапша етiп шығаратын болсын.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi