Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 18 наурыздағы N 688 Жарлығына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 29 қаңтар N 2837

      Қаулы Етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 18 наурыздағы N 688 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 7, 118-құжат) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстарда және Алматы қаласында бөлiмшелерi болатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры құрылсын.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорын басқару функциялары Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыру қорына аударымдар тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында бекiтiлген нормалар бойынша жүргiзiледi деп белгiленсiн";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры туралы Ереженi бекiтсiн және осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде барлық қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiн қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн".
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi