Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы Достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық туралы шартты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 5 қаңтар N 2748

      Қаулы етемiн:
      1. 1993 жылғы 30 шiлдеде Алматыда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы Достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық туралы шарт бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi