Заң күші бар "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн" (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 30 желтоқсан N 2738

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес, заңды тұлғаларды қайта тiркеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында Қаулы Етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қаулысының 4-тармағының бiрiншi абзацы:
      1) "Заңды тұлғалар" сөздерiнен кейiн "олардың филиалдары мен

өкiлдiктерi" сөздерiмен толықтырылсын;
     2) "1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн" сөздерi "1997 жылғы 1 қаңтарға
дейiн" сөздерiмен алмастырылсын.
     2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi