Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2720

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      I. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар мынадай Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 14, 93-құжат):
      1) 3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Лицензиялар (патенттер) иелiктен алынбайды, яғни, егер заң

актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе
заңды тұлғаларға бере алмайды";
     2) 9-бапта:
     бiрiншi бөлiгi 1-тармақ болып саналсын;
     1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса,
қару-жарақ пен оның оқ дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық
құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған
арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, босалқы бөлшектердi, 
оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ оларды 
өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, 
жөндеу және сату";
     6) тармақшада "өндiру" және "көму" сөздерi алынып тасталсын;
     8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "8) электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу";
     23) тармақшада "iшкi өндiрiстiк мақсаттағы" сөздерiнен кейiн
"сондай-ақ курьер қызметтерiн" сөздерiмен толықтырылсын;
     29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "29) минералдық шикiзатты ұқсату";
     32) тармақшада "сақтау және сату" сөздерi алынып тасталсын;
     33),35),36) тармақшалары алынып тасталсын:
     34) тармақшасы 33) тармақшасы болып саналсын және "барлау,
өндiру" сөздерi алынып тасталсын:
     37) тармақшасы тиiсiнше 34) тармақшасы болып саналсын;
     мынадай мазмұндағы 35)-39) тармақшалармен толықтырылсын:
     "35) бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау және әкелу;
     36) шетел жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан
Республикасынан шет елдерге шығаруға байланысты қызмет;
     37) заңды тұлғалардың түстi және қара металл қалдықтары мен
сынықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, ұқсатуы және өткiзуi;
     38) сот-сараптама қызметi;
     39) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн
бейнелейтiн Конституцияда айқындалған материалдық-бейнелеу
заттарының өндiрiсi";
     бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
     "2. Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау
жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың ерекшелiктерi арнайы заңдармен
белгiленедi";
     3) 10-бапта:
     2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "2) медициналық, дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiк қызметiмен
айналысу";
     5) тармақшада "бөлшек және көтерме саудада азық-түлiк
тауарларын сату" сөздерi алынып тасталсын;
     4) 12-бапта:
     1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:


      "Мемлекеттiк қауiпсiздiк, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау тұрғысынан алғанда лицензиялауға жататын тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тiзбесiн, сондай-ақ экспорт-импорт операцияларын жасауға лицензиялар беру мен ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi".
      5) 20-бап:
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Лицензия беруден негiзсiз бас тарту немесе белгiленген мерзiмде бермеу фактiсiн анықтағаннан кейiн сот лицензия органын сот шешiмi заңды күшiне енген сәттен бастап он күн мерзiмде лицензия беруге мiндеттейтiн шешiм шығарады";
      6) 21-баптың 1-тармағындағы 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) азаматтың кәсiпкерлiк қызметiнiң тоқталуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы";
      7) 22-баптың 1-тармағында "лицензиардың" сөзi "егер заң

актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен" сөздерiмен
алмастырылсын.
     2. "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 сәуiрдегi N 2227 Заң күшi
бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы,
1995 ж., N 5, 39-құжат):
     5-баптың екiншi абзацы "вексельдер" сөзiнен кейiн "ипотека
куәлiктерi" сөздерiмен толықтырылсын.

     II. осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
        Президентi
     
     Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Нарбаев Е.Ә.