ЗАҢ КҮШI БАР "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 2691

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 75-бабының 4-тармағы мен 82-бабының 5-тармағына сәйкес және сот-құқық реформасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.

                 I Бөлiм. Жалпы ережелер

      1-бап. Сот билiгi

      1. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек қана сот жүзеге асырады. Сот билiгi азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды жүзеге асыруды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.
      2. Соттар өздерiне тиесiлi билiктi ешкiмнiң еркiне қарамастан Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
      3. Республикадағы сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, Республиканың халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.
      4. Сот билiгi сот iсiн жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
      5. Соттардың шешiмдерi, үкiмдерi, өзге қаулылары, сондай-ақ олардың заңды өкiмдерi, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтiнiштерi Республиканың бүкiл аумағында барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. Оларды орындамау, сол сияқты сотты құрметтемеу заң бойынша жауаптылыққа әкелiп соғады.

      2-бап. Сот жүйесi

      1. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесiн заңмен құрылатын Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергiлiктi соттары (облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Алматы қалалық соты, Қазақстан Республикасы әскерлерiнiң Әскери соты), аудандық (қалалық), әскери соттар) құрайды. Ешбiр өзге органның, лауазымды адамның немесе өзге тұлғаның сот функцияларын өзiне алуға хақы жоқ.
      2. Қандай да бiр атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға

жол берiлмейдi.
     3. Қазақстан Республикасында соттардың мамандандырылуы және осы
мақсатта мамандандырылған: шаруашылық, салық, отбасылық, кәмелетке
толмағандардың iстерi жөнiндегi, әкiмшiлiк және басқа соттарды құру
жүзеге асырылуы мүмкiн. Мамандандырылған соттардың, оларға осы
Жарлықтың ережелерi қолданыла отырып, аудандық (қалалық) сот
мәртебесi болады.
     4.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-баптың 4-тармағы алынып тасталған - Қазақстан 
              Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен.  

Z970143_

  

     3-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi

     Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi:
     
<*>

     1) сот төрелiгiнiң конституциялық принциптерiмен;
     2) сот iсiн жүргiзудiң заңмен белгiленген нысандарында сот
билiгiн жүзеге асырумен;
     3) соттардың бiрыңғай заңдарды қолдануымен;
     4) соттарды құру тәртiбiмен;
     5) Республиканың бүкiл аумағында заңды күшiне енген сот
шешiмдерiнiң орындалу жүйесiмен;
     6) барлық соттарды республикалық бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
     ЕСКЕРТУ. 3-бапта 1)-тармақша алынып тасталды, 2)-7) тармақшалар
              1)-6) тармақшалар болып саналды - Қазақстан Республикасының
              1997.07.01. N 143 Заңымен.  

Z970143_

  
  
     4-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар
             қызметiнiң негiзгi принциптерi



      Республикадағы соттар қызметi заңдылық, судьялардың тәуелсiздiгi, баршаның заң және сот алдындағы теңдiгi, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы, iстердi қараудың жариялылығы принциптерiнiң негiзiнде құрылады.

      5-бап. Сот арқылы қорғалу құқығы

      1. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге тұлғалардың Республиканың Конституциясы мен заңдарында көзделген құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген жолсыз шешiмдерi мен iс-әрекетiнен сот арқылы қорғалуына кепiлдiк берiледi.
      2. Ешкiмдi заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiк сақтала отырып құзыреттi, тәуелсiз және әдiл сотта iсiнiң қаралуы құқығынан айыруға болмайды.
      3. Барлық соттарда және сот iсiн жүргiзудiң кез келген деңгейiнде бiлiктi заң көмегiмен қорғауға кепiлдiк берiледi.
      4. Сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралуға тиiстi өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды ешбiр басқа органдар, лауазымды немесе өзге тұлғалар қарай алмайды немесе бақылауға ала алмайды.

      6-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi

      Республикада сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi мемлекеттiк тiлмен бiрдей ресми қолданылады. Сот iсiн жүргiзу, сол сияқты осы жер тұрғындарының көпшiлiгiнiң тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.

      7-бап. Сотта iстi қараудың жариялылығы

      1. Барлық соттарда iстер ашық қаралады. <*>
      2. Егер iстi ашық қарау мемлекеттiк құпияларды, әскери, қызметтiк және коммерциялық құпияның жария болуына әкеп соғуы мүмкiн не азаматтардың және өмiрi мен өз басының, отбасының құпиясы жария болудан, қорғау не сот iсiн жүргiзуге қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiгi болса iстердi жабық отырыста тыңдауға рұқсат етiледi.
      3. Соттардың шешiмдерi, үкiмдерi мен қаулылары көпшiлiк алдында жария етiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан
               Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен. Z970143_

      8-бап. Iстердi қарау кезiндегi соттардың құрамы

      1. Бастапқы сатылы сотта iстердi қарауды судья жеке дара жүзеге

асырады. Заңда өлiм жазасы көзделген қылмыстар туралы қылмыстық
iстер үш судья құрамында қаралады.
     2. Жоғары тұрған соттардың iс қарауы iс жүргiзу заңдарында
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
<*>

     3. Iстер алқалы түрде қаралған кезде судьялардың дауыс беруден
қалыс қалуға хақы жоқ.
     ЕСКЕРТУ. 8-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан 
              Республикасының 1997.07.02. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     9-бап. Прокурор мен адвокаттың iстердi
               қарауға қатысуы

     Прокурорлар мен адвокаттар соттардың iстердi қарауына
тараптардың теңдiгi және процестiң жарыспалылығы принциптерiнiң
негiзiнде қатысады.

                II Бөлiм. Соттар жүйесi

             I Тарау. Аудандық (қалалық соттар)

     10-бап. Аудандық (қалалық) соттарды құру



      1. Аудандық (қалалық) сотты Әдiлет министрiнiң ұсынуымен ауданда, қалада (аудандық бағыныстағы қалалардан басқа), қаладағы ауданда Республика Президентi құрады және таратады. <*>
      2. Республика Президентi Республика Әдiлет министрiнiң ұсынуымен аудан мен қалаға, бiрнеше аудандарға (қаладағы аудандарға) және қалаларға бiр сотты құруы мүмкiн.
      3. Аудандық (қалалық) соттардың сот учаскелерiн әдiлет басқармасының бастығы мен облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының бiрлескен ұсынысы бойынша Әдiлет министрi құрады және таратады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан
               Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен. Z970143_

      11-бап. Аудандық (қалалық) соттың құрамы

      1. Аудандық (қалалық) сот төраға мен тұрақты судьялардан тұрады. Егер штат бойынша аудандық (қалалық) сотта бiр судья болса, ол сот төрағасының өкiлеттiгiн жүзеге асырады (бiр құрамды сот).
      Оның құрамында сот учаскесi құрылған жағдайда аудандық (қалалық)

сот соттың төрағасынан, сот учаскесiнiң аға судьясынан және тұрақты
судьялардан тұрады.
<*>

     2. Аудандық (қалалық) соттар үшiн судьялардың жалпы санын
Әдiлет министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi белгiлейдi.
     3. Әрбiр аудандық (қалалық) сот үшiн судьялар санын Әдiлет
министрi белгiлейдi.
     ЕСКЕРТУ. 11-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан 
              Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  
 
     12-бап. Аудандық (қалалық) соттың өкiлеттiктерi
              және оның жұмысын ұйымдастыру

     1. Аудандық (қалалық) сот:
     1) заңмен басқа соттардың қарауына жатқызылған iстердi
қоспағанда, бастапқы саты бойынша барлық iстердi қарайды;
     2) сот  статистикасын жүргiзедi және талдайды;
     3) өзiне заңмен берiлген басқа өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     2.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 12-баптың 2-тармағы алынып тасталды - Қазақстан 
              Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  
     
    13-бап. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы, сот учаскесiнiң
             аға судьясы 
<*>


     1. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы судья болып табылады және
соттың жұмысын ұйымдастырады.
     2. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы:
     1) судьялардың арасында iстердi бөледi және судьяларға басқа да
мiндеттердi жүктейдi;
     2) бастапқы саты бойынша iстердi қарайды;
     3) жеке қабылдау жүргiзедi, азаматтарды қабылдау және
ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөнiндегi сот жұмысын
ұйымдастырады;
     4) сот статистикасын жүргiзу мен талдауды ұйымдастырады;
     5) сот практикасын зерделеудi ұйымдастырады;


      6) сот аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және

қызметтен босатады, олардың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
     7) судьялар мен сот аппараты қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн
арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
     8) бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
     9) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     3. Сот учаскесiнiң аға судьясы судья болып табылады және осы
баптың 2-тармағының 4),5),7) және 8) тармақшаларында, сондай-ақ
6) тармақшасында (сот аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындау
және қызметтен босату бөлiгiнде) аталған өкiлеттiктi қоспағанда,
аудандық (қалалық) соттардың құқықтарына ие болады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  
     
     14-бап. Уақытша орнында болмаған аудандық (қалалық)
             сот төрағасының, сот учаскесiнiң аға судьясының 
             немесе судьясының мiндетiн атқару

     1. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы сот учаскесiнiң аға судьясы
уақытша орнында болмаған жағдайда олардың мiндеттерiн атқару төрағаның 
бұйрығымен осы соттың судьяларының бiрiне жүктеледi.
<*>

     2. Аудандық (қалалық) соттың судьясы уақытша орнында болмаған
жағдайда әдiлет басқармасы оның мiндеттерiн атқаруды басқа аудандық
(қалалық) сот судьяларының бiрiне жүктеуi мүмкiн.
     ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен.  

Z970143_

  
 
           II Тарау. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар

     15-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды
                              құру



      1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды Әдiлет

министрiнiң ұсынуымен әрбiр облыста және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бөлiнiсте Республика Президентi құрады және таратады.
<*>

     2. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының жалпы
санын Әдiлет министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi белгiлейдi.
     3. Әрбiр облыстық және оларға теңестiрiлген соттар үшiн
судьялардың санын тиiстi сот төрағасының ұсынуымен Әдiлет министрi
белгiлейдi.
     ЕСКЕРТУ. 15-бап сөзбен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен.  

Z970143_

  
 
     16-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың құрамы

     1. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағадан, сот 
алқаларының төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
<*>

     2. Облыстық және оған теңестiрiлген сот органдары:
     1) сот төралқасы;
     2) азаматтық iстер жөнiнде сот алқасы;
<*>

     3) шаруашылық iстерi жөнiндегi сот алқасы;
<*>

     4) қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы болып табылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     17-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың
                     өкiлеттiктерi

     Облыстық және оған теңестiрiлген сот:
     1) бастапқы сатылы сот ретiнде өз өкiлеттiктерi шегiнде шағым
(кассация), қадағалау ретiмен және жаңадан анықталған жағдаяттар
бойынша iстердi қарайды;
     2) аудандық (қалалық) соттарға сот қадағалауын жүзеге асырады;
     3) сот статистикасын жүргiзедi және талдайды, сот практикасын
зерделеп, қорытады;
     4) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

     18-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төралқасы

     Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төралқасы соттың 
төрағасынан және жыл сайын облыстық соттың құрамы сот мүшелерiнiң 
жалпы санынан жасырын дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен сайлайтын 
төрт тұрақты судьядан тұрады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     19-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот
                төралқасының өкiлеттiктерi

     Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасы:


      1) iстi өз құзыретiнiң шегiнде қадағалау тәртiбiмен және iс

жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен жаңадан ашылған мән-жайлар 
бойынша қарайды;
<*>

     2) алқалардың қызметi туралы сот алқалары төрағаларының есептерiн
тыңдайды, сот аппаратының мәселелерiн қарайды;
<*>

     3) сот практикасын зерделеу мен сот статистикасын талдау
материалдарын, аудандық (қалалық) соттардың олардың сот төрелiгiн 
жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
<*>

     4) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     20-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот
               төралқасының жұмыс тәртiбi

     1. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасының отырыстары
оның мүшелерiнiң жартысынан астамы бар болса құқылы.
     2. Төралқа қаулыларына төрағалық етушi қол қояды.


      3. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасының жұмысын ұйымдастыру және оның тәртiбi оның өзi қабылдаған регламентпен белгiленедi.

      21-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот алқалары <*>

      1. Облыстық және оған теңестiрiлген сот сот алқалары өз өкiлеттiктерi шегiнде бастапқы сатылы соттар ретiнде шағым (кассация) тәртiбiмен және жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша iстердi қарайды, сондай-ақ оларға заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. <*>
      2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық,

шаруашылық және қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқаларының құрамын 
тиiстi соттың судьялары арасынан сот төрағасы бекiтедi.
<*>

     3. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы қажеттi
жағдайларда бiр сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында 
iстердi қарау үшiн тартуға хақылы.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен.  

Z970143_

  

     22-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген
                     соттың төрағасы

     1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы судья болып
табылады және соттың жұмысын ұйымдастырады.
     2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы:
     1) сот төралқасын шақырады және оның отырыстарында төрағалық
етедi;
     2) алқалардың сот отырыстарында төрағалық етедi және бастапқы
саты бойынша iстердi қарайды;
     3) заңда белгiленген шектерде және тәртiппен сот қаулыларына
наразылықтар енгiзедi;


      4) заңда белгiленген реттерде және тәртiппен азаматтық, шаруашылық және әкiмшiлiк iстерi жөнiндегi шешiмдер мен ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұруға хақылы;
      5) облыстық және оған теңестiрiлген сот алқалары сот төрағаларының лауазымдарына және судьялыққа кандидаттарды iрiктеп алуға және оларды Әдiлет министрлiгiне ұсынуға қатысады; <*>
      6) алқалардың құрамын бекiтедi және оның сот қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, алқалар төрағаларының арасында мiндеттердi бөледi; <*>
      7) сот алқасы төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеттерiн атқаруды сот мүшелерiнiң бiрiне жүктейдi; <*>
      8) сот статистикасын жүргiзу мен талдауды, сот практикасын зерделеудi ұйымдастырады;
      9) сот кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      10) Әдiлет министрiне сот аппаратының құрылымы мен штатын ұсынады, аппараттың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың жұмысын ұйымдастырып, бақылайды;
      11) ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөнiндегi сот жұмысын ұйымдастырады, азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
      12) бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
      13) белгiленген тәртiппен өздiгiнен сот алқаларының төрағалары және облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың судьялары жөнiнде немесе әдiлет басқармасының бастығымен бiрлесе отырып, аудандық (қалалық) және оларға теңестірiлген соттардың төрағалары мен судьялары, сот учаскелерiнiң аға судьялары жөнiндегi оларға бiлiктiлiк

сыныптарын беру және олардан айыру туралы ұсыныс енгiзедi;
<*>
 
     14) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
     3. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасы уақытша
орнында болмаған жағдайда оның мiндеттерiн төрағаның бұйрығымен сот
алқасының төрағаларының бiрi атқарады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  
 
     23-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың
                   сот алқасының төрағасы

     1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқасының 
төрағасы судья болып табылады және алқаның жұмысын ұйымдастырады.
<*>

     2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқасының 
төрағасы:
<*>

     1) алқаның отырыстарында төрағалық етедi әрi iстер жайында
баяндайды немесе бұл үшiн судьяларды тағайындайды;
     2) сот отырыстарында iстердi қарау үшiн құрамдарды жасақтайды;
     3) бастапқы саты бойынша iстердi қарайды;
     4) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
     5) төралқаға алқаның сот алқасының қызметi туралы есептi табыс 
етедi;
<*>

     6) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     3. Сот алқасының төрағасы орнында болмаған жағдайда сот төрағасы 
оның мiндеттерiн атқаруды осы алқаның судьяларының бiрiне жүктейдi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

              III Тарау. Әскери соттар

     24-бап. Әскери соттарды құру



      1. Республика аумағында Қазақстан Республикасының Әскери соты,

бiрлестiктердiң (армиялардың, құрамалардың, гарнизондардың) әскери
соттары болады.
     Әскери соттарды Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi құрады және таратады.
<*>

     2. Әскери соттардың жалпы санын Әдiлет министрiнiң ұсынуымен
Республика Президентi белгiлейдi.
     3. Әрбiр әскери сот үшiн судьялар санын Әдiлет министрi
белгiлейдi.
     ЕСКЕРТУ. 24-баптың 1-тармағы абзацпен толықтырылды - Қазақстан 
              Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен.  

Z970143_

  
 
     25-бап. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның)
              әскери соты және оның өкiлеттiктерi

     1. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери соты
әскери соттың төрағасы мен тұрақты судьялары құрамында құрылады.
<*>

     2. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери соты:
     1) заңмен оның қарауына жатқызылған iстердi қарайды;
     2) сот статистикасын талдайды;
     3) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     3. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери
сотының аудандық (қалалық) сот мәртебесi болады және оған осы
Жарлықтың тиiстi ережелерi қолданылады.
     ЕСКЕРТУ. 25-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     26-бап. Бiрлестiктiң (армияның), құраманың
             гарнизонның әскери сотының төрағасы

     1. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) төрағасы
судья болып табылады және әскери соттың жұмысын ұйымдастырады.
     2. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) төрағасы:
     1) судьялардың арасында iстердi бөледi және судьяларға басқа да
мiндеттердi жүктейдi;
     2) бастапқы саты бойынша iстердi қарайды;
     3) жеке қабылдау жүргiзедi, азаматтарды қабылдау және
ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөнiндегi соттың жұмысын
ұйымдастырады;
     4) сот статистикасын жүргiзу мен талдауды ұйымдастырады;
     5) сот практикасын зерделеудi ұйымдастырады;
     6) сот аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады, олардың жұмысын ұйымдастырып, бақылайды;
     7) судьялардың және сот аппараты қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн
арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
     8) бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
     9) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

     27-бап. Республика әскерлерiнiң Әскери соты
                және оның өкiлеттiктерi

     1. Республика әскерлерiнiң Әскери соты төрағадан, сот алқаларының
төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
<*>

     2. Қазақстан Республикасы әскерлерiнiң Әскери сотында:
     1) сот төралқасы;
     2) азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасы;
<*>

     3) қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы жұмыс iстейдi.
<*>

     3. Республика әскерлерiнiң Әскери соты:


      1) өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде бастапқы сатылы сот ретiнде

шағым (кассация), қадағалау тәртiбiмен және жаңадан анықталған
жағдаяттар бойынша iстердi қарайды;
     2) бiрлестiктердiң (армиялардың, құрамалардың, гарнизондардың)
әскери соттарына сот қадағалауын жүзеге асырады;
     3) сот статистикасын жүргiзедi және талдайды, сот практикасын
зерделеп, қорытады;
     4) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     4. Республика әскерлерi Әскери сотының облыстық сот мәртебесi 
болады әрi оған осы Жарлықтың тиiстi ережелерi қолданылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

            IV Тарау. Республиканың Жоғарғы Соты

     28-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiктерi



      1. Жоғарғы Сот төменгi соттардың қарауына жататын азаматтық, шаруашылық, қылмыстық және басқа iстер жөнiндегi жоғарғы сот органы болып табылады заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады. <*>
      2. Жоғарғы Сот:
      1) заңда көзделген жағдайларда бастапқы саты бойынша iстердi қарайды; шағым (кассация) ретiмен бастапқы саты бойынша облыстық соттарда қаралған iстердi қарайды;
      2) қадағалау ретiмен және жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша

төменгi соттар мен Жоғарғы Сотта қаралған iстердi қарайды;
<*>

     3) Республика заңдарының және басқа нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң қолданылу практикасын зерделейдi және қорытады, сот 
практикасының мәселелерi жөнiнде түсiнiктер беретiн нормативтiк
қаулылар шығарады;
<*>

     4) заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру
жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, сот статистикасын жүргiзедi және
талдайды;
     5) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     29-бап. Жоғарғы Соттың құрамы

     1. Жоғарғы сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының
ұсынуымен Республика Президентi белгiлейдi.
     2. Жоғарғы Сот Төрағадан, сот алқаларының төрағалары мен тұрақты 
судьялардан тұрады.
<*>

     3. Жоғарғы соттың органдары:
     1) пленум;
     2) төралқа;
     3) азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасы;
<*>

     4) шаруашылық iстер жөнiндегi сот алқасы;
<*>

     5) қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы;
<*>

     6) әскери сот алқа болып табылады.
<*>

     4. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтiк кеңес құрылады.
     ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143-1 Заңымен. 

Z970143_

  
 
     30-бап. Жоғарғы Соттың Пленумы

     Жоғарғы Соттың Пленумы Төрағаның, сот алқалары
төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының құрамында жұмыс iстейдi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     31-бап. Жоғарғы Сот пленумының өкiлеттiктерi

     Жоғарғы Соттың пленумы:


      1) соттардың заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану практикасын зерделеу және талдау материалдарын қарайды және сот практикасының мәселелерi жөнiнде түсiнiктер беретiн нормативтiк қаулылар шығарады; <*>
      2) Республика Конституциясына сәйкес Президентке мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың негiздiлiгi жөнiнде қорытынды бередi;
      3) сот статистикасын талдау материалдарын қарайды;
      4) Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Сот пленумы хатшысының ұсыныстарымен ғылыми-консультативтiк кеңестiң құрамын сайлайды;
      5) Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының мүшелерiн сайлайды; <*>
      6) Жоғары Сот төралқасының мүшелерiн сайлайды;
      7) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 31-бап өзгертiлдi және 5-6-тармақшалармен толықтырылды,
               5) тармақша 7) тармақша болып есептелдi - Қазақстан
               Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен. Z970143_

      32-бап. Жоғарғы Сот пленумының жұмыс тәртiбi

      1. Жоғарғы Соттың пленумы жылына кемiнде екi рет шақырылады. Жоғарғы Сот пленумының жұмыс тәртiбi оның өзi бекiткен регламентпен белгiленедi.
      2. Жоғарғы Сот Пленумының отырыстары оның құрамының кемiнде үштен екiсi бар болса құқылы болып саналады. Пленумның қаулысы дауыс беруге қатысқан Пленум мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      3. Пленумның жұмысына Республика Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы, Бас Прокуроры мен Әдiлет министрi қатысады.
      4. Бас Прокурор мен Әдiлет министрi сот практикасының мәселелерi жөнiнде түсiнiктер беру туралы ұсыныстар енгiзуге хақылы.
      5. Пленумның қаулысына Жоғарғы Соттың Төрағасы мен пленумның хатшысы қол қояды.

      33-бап. Жоғарғы Соттың Төралқасы

      1. Жоғарғы Соттың Төралқасы Жоғарғы Соттың Төрағасынан, жыл сайын пленум мүшелерiнiң жалпы санынан жасырын дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен сайланатын сегiз тұрақты судьядан тұрады. <*>
      2. Төралқаның отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      3. Төралқаның отырыстары оның құрамының жартысынан астамы бар

болса құқылы болып саналады. Төралқаның қаулысы ашық дауыс беру
арқылы дауыс беруге қатысқан Төралқа мүшелерi дауысының көпшiлiгiмен
қабылданады және төрағалық етушiнiң қолы қойылады.
     4. Төралқаның жұмыс тәртiбi оның өзi қабылдаған регламентпен
белгiленедi.
     ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     34-бап. Жоғарғы Сот төралқасының өкiлеттiктерi

     Жоғарғы Соттың төралқасы:
     1) iстердi қадағалау тәртiбiмен және iс жүргiзу заңдарында
белгiленген тәртiппен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды;
<*>

     2) сот практикасын зерделеу мен қорыту және сот статистикасын
талдау материалдарын, төменгi соттар мен Жоғарғы Сот алқалары сот
төрелiгiн жүзеге асырған кезде заңдылықтың сақталу мәселелерiн
қарайды;
     3) сот алқалары төрағаларының хабарламалары мен есептерiн 
тыңдайды, Жоғарғы Сот алқалары мен аппаратын ұйымдастыру мәселелерiн 
қарайды;
<*>

     4) Төралқа жұмысының регламентiн қабылдайды;
     5) Жоғарғы Сот аппараты жұмысының регламентiн бекiтедi;
     6) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен.  

Z970143_

  

     35-бап. Жоғарғы Сот сот алқалары 
<*>




      1. Жоғарғы Соттың сот алқалары бастапқы саты бойынша, шағым

(кассация), сондай-ақ қадағалау ретiмен және жаңадан анықталған
жағдаяттар бойынша сот iстерiн қарайды.
<*>

     2. Сот алқалары сот практикасының мәселелерi бойынша Жоғарғы Сот
пленумының түсiнiктер беруi үшiн Жоғарғы Соттың Төрағасына ұсыныстар
мен материалдар енгiзедi.
<*>

     3. Азаматтық, шаруашылық және қылмыстық iстер жөнiндегi сот
алқаларының құрамдарын Жоғарғы Сот судьяларының арасынан Жоғарғы
Соттың Төрағасы бекiтедi.
<*>

     4. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 35-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     36-бап. Жоғарғы Соттың төрағасы

     1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және Жоғарғы
Соттың жұмысын ұйымдастырады.
     2. Жоғарғы Соттың Төрағасы:
     1) iстердi талап етiп алады және сот қаулыларына наразылықтар
енгiзедi;
     2) заңда белгiленген жағдайларда сот қаулыларының орындалуын
тоқтата тұрады;
     3) осы Жарлықтың 52-бабының 1-тармағының 2)-тармақшаларына
сәйкес Әдiлет министрiне ұсыныстар енгiзедi;
<*>

      4) сот алқаларының сот практикасын зерделеу, сот статистикасын талдау жөнiндегi жұмысын үйлестiредi және сот практикасының мәселелерi жөнiнде түсiнiктер беру және нормативтiк қаулылар қабылдау үшiн Жоғарғы Соттың төралқасы мен пленумының қарауына материалдар енгiзедi; <*>
      5) Жоғарғы Соттың пленумын және төралқасын шақырады және олардың отырыстарында төрағалық етедi;
      6) Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесiне Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары мен судьялары лауазымдарына кандидаттар ұсынуды жүзеге асырады;
      7) алқалар төрағаларының арасында мiндеттердi бөледi, қажет болған жағдайларда бiр сот алқасының судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартуға құқылы; <*>
      8) Жоғарғы Соттың сот алқалары мен аппаратының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      9) төралқа мен пленумға олардың жұмыс регламентiн, пленум хатшысының, ғылыми-консультативтiк кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын бекiтуге ұсынады;
      10) аппарат қызметкерлерiн жұмысқа қабылдауды және шығаруды жүзеге асырады;
      11) жеке қабылдау жүргiзедi және азаматтарды қабылдау және ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      12) бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
      13) белгiленген тәртiппен Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына жоғары бiлiктiлiк сыныбын беру, одан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi, сондай-ақ заңдарға сәйкес дербес немесе Әдiлет министрiмен бiрлесе отырып, судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын беру және олардан айыру

мәселелерiн шешедi;
<*>

     14) Жоғарғы Сот аппаратының құрылымы мен штаттарын оны ұстауға 
бөлiнген қаражат шегiнде бекiтедi;
<*>

     15) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
     3. Жоғарғы соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда
Төрағаның бұйрығымен оның мiндетiн сот алқасы төрағаларының бiрi 
атқарады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 36-бап өзгертiлдi, 13-14-тармақшалармен толықтырылды,
              13) тармақша 15) тармақша болып саналды - Қазақстан 
              Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     37-бап. Жоғарғы Сот сот алқасының төрағасы 
<*>


     1. Жоғарғы Сот сот алқасының Төрағасы судья болып табылады және
сот алқасының жұмысын ұйымдастырады.
<*>

     2. Жоғарғы Соттың сот алқасының Төрағасы:
<*>

     1) 
<*>

      2) қадағалау ретiмен тексеру үшiн, сондай-ақ сот практикасын зерделеу және қорыту үшiн iстердi талап етiп алады; <*>
      3) сот алқасының қарауына жататын iстер бойынша облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төралқаларына сот қаулыларына наразылықтар енгiзедi және заңда белгiленген жағдайларда олардың орындалуын тоқтата тұрады; <*>
      4) сот алқасының қарауына жататын iстер бойынша Жоғарғы Соттың сот алқасына, төралқасына наразылық беру туралы Жоғарғы Соттың Төрағасына ұсыныстар енгiзедi; <*>
      5) алқалардың сот отырыстарында төрағалық етедi;
      6) сот статистикасын жүргiзу, сот практикасын зерделеу, Жоғарғы Соттың пленумында не төралқасында қарау үшiн материалдар даярлау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      7) сот алқасының қызметi туралы төралқаға есеп табыс етедi; <*>
      8) судьялардың және сот алқасының басқа да қызметкерлерiнiң

бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
<*>

     9) мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Жоғарғы Сот аппараты
құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысына басшылықты жүзеге асырады;
     10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
     11) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
     3. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның
мiндеттерiн атқаруды Жоғарғы Соттың Төрағасы басқа сот алқалары
төрағаларының бiреуiне немесе Жоғарғы Соттың судьяларына жүктейдi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 37-бапқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi - 
              Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 
              Заңымен. 

Z970143_

  

             II Бөлiм. Судьялардың мәртебесi

          I Тарау. Судьялардың құқықтық жағдайы

     38-бап. Судья - сот билiгiн атқарушы



      1. Судья Республикадағы сот билiгiн атқарушы болып табылады. Оған конституциялық тәртiппен сот төрелiгiн жүзеге асыру және өзiнiң мiндеттерiн кәсiби негiзде атқару құқықтары берiлген.
      2. <*>
      2. Судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi

талаптары мен өкiмдерi барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар,
лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
     3. Судьялардың талаптары мен өкiмдерiн орындамау, оларды
құрметтемеу заңда белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
     ЕСКЕРТУ. 38-баптың 2-тармағы алынып тасталды, 3-4-тармақтар
              тиiсiнше 2-3-тармақтар болып саналды -
              Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 
              Заңымен. 

Z970143_

  

     39-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi және
                ауыстырылмайтындығы

     1. Сот төрелiгiн жүзеге асырған кезде судья тәуелсiз және тек
Конституция мен заңға бағынады.


      2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыруға араласуға және судьяға қандай болсын ықпал етуге хақы жоқ. Мұндай әрекеттер заң арқылы қудаланады.
      3. Судья тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған жағдайлардан өзге, қаралған немесе өндiрiстегi iстердiң мән-жайы жөнiнде қандай да бiр түсiнiктемелер беруге мiндеттi емес.
      4. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттер жүктелуге тиiс емес. Ол заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгiзiлуге тиiс емес.
      5. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкiлеттiктерi тек қана заңда белгiленген негiздер бойынша доғарылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      6. Бұқаралық ақпарат құралдарының өз хабарларында шешiмдер немесе үкiмдер заңды күшiне енгенге дейiн сотта iс қараудың нәтижесiн күнiлгерi ұйғаруға немесе өзге жолмен сотқа ықпал етуге хақы жоқ.

      40-бап. Судьяның тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi

      1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңдармен қорғалады әрi:
      1) заңда көзделген сот төрелiгiн жүзеге асыру рәсiмiмен;
      2) сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметке қандай да болмасын араласуға жауапкершiлiкке тартылу қаупiн ескерте отырып тыйым салу арқылы;
      3) сотты құрметтемегендiгi үшiн жауапкершiлiкпен;
      4) судьяны тағайындаудың, өкiлеттiгiн доғару мен тоқтата тұрудың белгiленген сайлау тәртiбiмен, судьяның орнынан түсу құқығымен; <*>
      5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес келетiн материалдық жәрдем көрсету және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру арқылы қамтамасыз етiледi.
      2. Судьялар, олардың отбасыларының мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң ерекше қорғауында болады.
      ЕСКЕРТУ. 40-бап сөзбен толықтырылды -Қазақстан Республикасының
               1997.07.01. N 143-I Заңымен.

      41-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеу құқығы

      1. Судьяға ешкiмнiң тиiсуiне жол берiлмейдi. Судьяны, қылмыс үстiнде немесе ауыр қылмыс жасағаны үшiн ұсталған жағдайларды қоспағанда, Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республика Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгiленген жағдайда - Сенаттың келiсiмiнсiз, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленген әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға болмайды.
      2. Судьяға қатысты тек Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

ғана қылмысты iс қозғай алады.
     3. Судьяның қызметтiк атыс қаруын сақтауға және өзiмен алып 
жүруге құқығы бар.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 41-баптың 3-тармағынан сөздер алынып тасталды - 
              Қазақстан Республикасының  1997.07.01. N 143 
              Заңымен.  

Z970143_

  

     42-бап. Судьяға қойылатын талаптар

     1. Судья:


      1) Конституцияны және заңдарды мүлтiксiз сақтауға, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге;
      2) өз мiндеттерiн атқару үстiнде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынастарда сот төрелiгiнiң беделiне, судьяның қадiр-қасиетiне дақ түсiретiн немесе оның әдiлеттiлiгi мен бейтараптығына күмән туғызуы ықтимал барлық нәрседен аулақ болуға;
      3) өз қызметiне кез келген заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;
      4) соттар кеңестерiнiң және жабық сот мәжiлiстерi өткiзiлген кезiнде алынған мәлiметтердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
      2. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе басқа да шығармашылық қызметтердi қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымдардың басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды. Судьялар партияларға, кәсiби одақтарға кiруге, қандай да бiр саяси партияларды қолдап немесе қарсы сөз сөйлеуге тиiс емес.
      3. Судьяның лауазым атқаруының шектi мөлшерi - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес белгiленедi, оны ерекше жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төралқалары мен судьяларына қатысты - тиiсiнше Жоғарғы Соттың Төрағасы, басқа барлық судьяларға қатысты - Әдiлет министрi әрi кеткенде бес жылға ұзартуы мүмкiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгертiлдi -Қазақстан Республикасының
               1997.07.01. N 143 Заңымен. Z970143_

      43-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар

      1. Мiнсiз абыройлы, жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған және Әдiлет бiлiктiлiк алқасының кепiлдемесiн алған Қазақстан Республикасының азаматы аудандық (қалалық) соттың судьясы бола алады.
      2. Осы баптың 1-тармағындағы талаптарға жауап беретiн, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл стажы бар, соның iшiнде, әдетте, әдiлет, прокуратура, анықтау және тергеу органдарында екi жыл судья болып жұмыс iстеген, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған және Жоғарғы Сот Кеңесiнен кепiлдеме алған азамат жоғары тұрған соттың судьясы бола алады.
      3. Әскери соттың судьясы, осыған қоса, әскери қызметшi де болуға тиiс.

      44-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi

      1. Жоғарғы Соттың Төрағасын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары мен судьяларын Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң ұсынымына негiзделген Республика Президентiнiң ұсынысымен Сенат сайлайды. <*>
      2. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларын, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң ұсынымы бойынша Республика Президентi қызметке тағайындайды. <*>
      3. Республиканың өзге соттарының төрағалары, сот учаскелерiнiң аға судьялары мен судьяларын Әдiлет бiлiктiлiк алқасының ұсынымына негiзделген Әдiлет министрiнiң ұсынысымен Республика Президентi қызметке тағайындайды. <*>
      4. Жоғарғы Соттың Төрағасы, осы соттың сот алқаларының төрағалары сол соттың мүшелерi арасынан қызметке бес жыл мерзiмге сайланады.
      Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, осы соттардың сот алқаларының төрағалары, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары қызметке бес жыл мерзiмге тағайындалады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 44-бап өзгертiлдi және толықтырылды -
               Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143
               Заңымен. Z970143_

      45-бап. Судьяның ант беруi

      1. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi: <*>
      "Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретiндегi борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн".
      2. Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының мәжiлiсiнде ант бередi.
      Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары Жоғарғы Соттың пленумында ант қабылдайды. Қалған судьялар судьялардың тиiстi конференцияларында ант бередi. <*>
      3. Судья Қазақстан Республикасының Конституциясымен ант бередi.
      ЕСКЕРТУ. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
               1997.07.01. N 143 Заңымен. Z970143_

      46-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтату

      1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:
      1) судьяны қамауға алуға немесе оны қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға келiсiм берiлсе не қылмыс жасаған жерiнде ұсталуына байланысты оны қамауға алу немесе ауыр қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауапқа тарту жағдайында; <*>
      2) судья медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына тартылған

болса немесе соттың заңды күшiне енген ұйғарымына немесе шешiмiне
сәйкес iс-әрекетке қабiлетi шектелген болса;
     3) судья заңды күшiне енген сот шешiмiне сәйкес хабарсыз жоқ
болып кеткен деп саналған жағдайда;
     4) судья Парламенттiң, жергiлiктi өкiлеттi органның
депутаттығына кандидат болып тiркелген болса тоқтатыла тұрады.
     2. Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Республика Президентi,
судьялардың өкiлеттiктерiн Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары 
мен судьяларына қатысты - тиiсiнше Жоғарғы Соттың Төрағасы, 
республиканың басқа барлық судьяларына қатысты - Әдiлет министрi тоқтата 
тұрады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен.  

Z970143_

  
 
     47-бап. Судьяны қызметтен босату

     1. Судья қызметтен тек қана:
     1) өз қалауы бойынша;


      2) сот iсiн жүргiзуге қатысуға кедергi жасайтын денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыға сәйкес; <*>
      3) атқаратын қызметiне сәйкес келмеген жағдайда немесе лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысса Жоғарғы Сот Кеңесiнiң немесе Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қорытындысы бойынша;
      4) судья осы Жарлықтың 42-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды орындамаған кезде; <*>
      5) егер оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген болса;
      6) судья Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған ретте;
      7) соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша іс-әрекетке қабiлетсiз не қайтыс болған деп танылған ретте босатылады.
      8) судьяларды басқа қызметке тағайындаған, сайлаған және мемлекеттiк органдардағы басқа қызметке ауыстырған жағдайда; <*>
      9) судья қызметiнде болудың шектi жасына жетуiне байланысты; <*>
      10) қайтыс болған жағдайда. <*>
      2. Судья қызметтен:
      1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, Жоғарғы Сот сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң ұсынымына негiзделген, Республика Президентiнiң ұсынысы бойынша Сенаттың қаулысымен; <*>
      2) облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң ұсынымына негiзделген Әдiлет министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентiнiң шешiмiмен; <*>
      3) басқа соттардың судьяларына қатысты Әдiлет бiлiктiлiк алқасының ұсынымына негiзделген Әдiлет министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентiнiң шешiмiмен босатылады.
      ЕСКЕРТУ. 47-бапқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi -
               Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143
               Заңымен. Z970143_

      48-бап. Судьяларды ауыстыру

      Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары, аудандық (қалалық) және оларға теңестірiлген соттардың төрағалары мен судьялары, сот учаскелерiнiң аға судьялары олардың келiсiмiмен тиiсiнше облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағаларының, әдiлет басқармалары бастықтарының ұсынуы бойынша Әдiлет министрiнiң шешiмiмен сол деңгейде ауыстырылуы мүмкiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
               1997.07.01. N 143 Заңымен. Z970143_

      49-бап. Судьялыққа кандидаттар

      1. Судьялыққа кандидаттарға олардың шығу тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, саяси көзқарастарына, дiни нанымына және басқа жағдаяттарға қарамастан құқықтарының теңдiгi қамтамасыз етiледi.
      2. Судья болуға тiлек бiлдiрген азаматтар Әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi өтiнiшi мен Әдiлет министрлiгi белгiлеген басқа да материалдарды жiбередi.
      3. Осы Жарлықтың 43-бабының талаптарына жауап беретiн, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған және Әдiлет бiлiктiлiк алқасы судьялыққа ұсынған Республика азаматы Әдiлет министрлiгiнiң резервiне есепке алынады. <*>
      4. Аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, сондай-ақ сот учаскелерiнiң аға судьялары қызметiне ұсынылатын адамдарға материалдарды ресiмдеудi және бұл материалдарды Әдiлет бiлiктiлiк алқасына ұсынуды Әдiлет министрi жүзеге асырады. <*>
      5. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьялары лауазымына кандидаттарға материалдарды ресiмдеудi және осы материалдарды Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесiне ұсынуды Әдiлет министрi жүзеге асырады. <*>
      Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы, осы соттардың сот алқаларының төрағасы қызметiне кемiнде екi балама кандидат ұсынады. <*>
      6. Республика Жоғарғы Соты сот алқаларының төрағалары мен судьялары лауазымдарына кандидаттарға арналған материалдарды Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесiне Жоғарғы Сот Төрағасы жiбередi. Жоғарғы Сот Төрағалығына кандидатқа арналған материалдарды Республика Президентiнiң ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот Кеңесi қарайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 49-тармақ өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
               1997.07.01.N 143 Заңымен. Z970143_

      50-бап. Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесi

      1. Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесi:
      1) Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот сот алқаларының төрағалары мен судьялары, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, осы соттар алқаларының төрағалары мен судьялары лауазымдарына кандидаттар iрiктейдi және ұсынады; <*>
      2) Жоғарғы Сот Төрағасын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларын, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметтен босату туралы мәселелердi қарайды; <*>
      3) Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының шешiмiне жасалған шағымдарды қарайды; <*>
      4) Жоғарғы Сот Төрағасының, осы соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларының, осы соттардың сот алқалары төрағалары мен судьяларының орнынан түсуi және орнынан түсуiн тоқтату туралы

мәселелердi қарайды;
<*>

     5) Әдiлет бiлiктiлiк алқасының шешiмдерi мен ұсынымдарына
жасалған шағымдарды қарайды;
     6) сот-құқықтық реформаларды жүзеге асыру жөнiндегi мәселелердi
қарайды.
<*>

     2. Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесiн Республика Президентi
басқарады.
     3. Жоғарғы Сот Кеңесiнiң құрамына мыналар кiредi:
     1) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы;
     2) Жоғарғы Соттың Төрағасы;
     3) Бас Прокурор;
     4) Әдiлет министрi;
     5) Парламент Сенаты жiберген екi депутат;
     6) алты судья (Жоғарғы Соттың екi судьясы, облыстық соттың екi
судьясы, аудандық (қалалық) соттың екi судьясы);
     7) Республика Президентi тағайындаған екi мүше.


      4. Жоғарғы Сот Кеңесi өз мүшелерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесiнiң хатшысын сайлайды.
      Қазақстан Республикасының Президентi болмаған жағдайда оның тапсыруымен Жоғары Сот Кеңесiнiң отырысында Жоғары Сот Кеңесi мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi. <*>
      5. Жоғарғы Сот Кеңесiнiң отырыстары жылына кемiнде екi рет өткiзiледi және оның мүшелерiнiң кем дегенде үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болады.
      6. Жоғары Сот Кеңесiнiң мүшелерi мен шақырылған адамдар отырыстың өткiзiлетiн уақыты, орны мен күн тәртiбi отырыс басталардан кемiнде үш күн бұрын хабардар етiледi. <*>
      7. <*>
      7. Жоғарғы Сот Кеңесi қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру жолымен оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қорытындылар және (немесе) ұсыныстар қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда отырыста төрағалық етушiнiң дауысы шешушi дауыс болады. Қорытындыға және (немесе) ұсынысқа Жоғары Сот Кеңесiнiң дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
      8. Жоғарғы Сот Кеңесi өз отырысында қаралған мәселелер бойынша

қорытындыларды және (немесе) ұсыныстарды Қазақстан Республикасының 
Президентiне енгiзедi, Мемлекет басшысы солардың негiзiнде тиiстi
шешiм қабылдайды.
<*>

     9. Жоғарғы Сот Кеңесiнiң жұмысын материалдық-техникалық және
ұйымдастыруды Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгертiлдi және толықтырылды, 7-тармақ алынып
              тасталды, 8-10-тармақтар тиiсiнше 7, 8, 9-тармақтар болып
              есептелдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. 
              N 143 Заңымен.  

Z970143_

  

     51-бап. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы

     1. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы дербес, тәуелсiз мекеме болып
табылады.
     2. Бiлiктiлiк алқасы:


      1) бiлiктiлiк емтихандарын қабылдайды, сынақтан өткiзедi және балама кандидаттар болған ретте конкурстық негiзде судьялыққа, кандидаттар ұсынады; <*>
      2) аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларының, сот учаскелерi аға судьяларының қызметiне ұсыныстар жасайды; <*>
      3) аудандық (қалалық) соттардың төрағалары мен судьяларын қызметтен босату туралы мәселелердi қарайды;
      3) <*>
      4) аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларын, сот учаскелерiнiң аға судьяларының орнынан түсуi және орнынан түсуiн тоқтату туралы мәселелердi қарап, ұсынымдар жасайды, Әдiлет министрi солардың негiзiнде тиiстi шешiм қабылдайды; <*>
      5) нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысуға тiлек бiлдiрген адамдардың өтiнiштерi бойынша бiлiктiлiк емтихандарын қабылдап, ұсынымдар жасайды, Әдiлет министрлiгi солардың негiзiнде тиiсiнше лицензиялар бередi. <*>
      3. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы бес жыл мерзiмге құрылады.
      4. Әдiлет бiлiктiлiк алқасының құрамына мыналар кiредi:
      1) Әдiлет министрiнiң орынбасары - алқа төрағасы;
      2) Парламент Мәжiлiсi жiберген екi депутат;
      3) Бас Прокурордың орынбасары;
      4) Жоғарғы Соттың Пленумы сайлаған алты судья (аудандық, (қалалық) соттың екi судьясы, облыстық соттың екi судьясы, Жоғарғы Соттың екi судьясы);
      5) адвокаттар қоғамдастығы жiберген адвокат;
      6) нотариустер қоғамдастығы жiберген нотариус;
      7) заңгерлер қоғамдастығы жiберген екi ғалым-құқық танушы.
      5. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы қызметiн қамтамасыз ету үшiн өз құрамынан алқа төрағасының орынбасары мен хатшысын сайлайды.
      6. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы жылына кемiнде екi рет бас қоса отырып, сессиялық жұмыс iстейдi және оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi бар болса құқылы.
      7. Шақырылған адамдар отырыстың уақыты мен орны туралы он күн бұрын хабардар етiледi.
      8. Әдiлет бiлiктiлiк алқасының отырысында материалдарды қарау арыз берген адамның қатысуымен жүргiзiледi. Екiншi рет келмей қалған жағдайда арыз қаралмайды.
      9 <*>
      9. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы қаралатын мәселелер бойынша жай көпшiлiк дауыспен отырысқа қатысқан барлық мүшелер қол қойған хаттамалық шешiмдер және (немесе) ұсынымдар қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда алқа отырысында төрағалық етушінің дауысы шешушi болып табылады. <*>
      10. Әдiлет бiлiктiлiк алқасының осы баптың 2-тармағының
5) тармақшасында аталғандарын қоспағанда шешiмi мен ұсынымына олар

жария етiлгеннен кейiн он күннiң iшiнде Республиканың Жоғарғы Сот
Кеңесiне шағым жасалуы мүмкiн.
<*>

     11. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы мен оның аппаратының жұмысын
материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етудi Әдiлет
министрлiгi жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 51-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының  1997.07.01.
              N 143 Заңымен. 

Z970143_

  (Үкiмет өзгертудi қате жасаған,
              қазақша тексте 12-тармақ, орысша тексте 11-тармақ болған.
              8-тармақтың орнына бiзде 9-тармақ алынып тасталды,
              10-12-тармақтар тиiсiнше 9-11-тармақтар болып
              саналды).

              II Тарау. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгi

     52-бап. Тәртiптiк жауапкершiлiк негiздерi және
                    жазаның түрлерi

     1. Судья:
     1) сот iстерiн қараған кезде заңдылықты бұзғаны үшiн.
     Сот шешiмiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер судья бұл
ретте заңның өрескел бұзылуына жол бермеген болса, бұл шешiмдi
шығарған немесе шығаруға қатысқан судьяның жауапты болуына әкеп
соқпайды;
<*>
 
     2) терiс қылық жасағаны үшiн;
     3) iстi қараудың заңда белгiленген iс жүргiзу мерзiмдерi өрескел
бұзғаны үшiн;
<*>

     4) еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылады.
<*>
 
     2. Соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары және сот 
учаскелерінің аға судьялары осы Жарлықта көзделген өздерiнiң лауазымдық 
мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы 
мүмкiн.
<*>

     3. Судьяларға мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады:
     1) ескерту;
     2) сөгiс;
     3) қатаң сөгiс;
     4) қызметтен босату.
     4. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн бiр ғана тәртiптiк жаза берiледi.
     ЕСКЕРТУ. 52-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. 
              N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     53-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы

     Тәртiптiк iс қозғауға:


      1) Әдiлет министрiнiң - облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сондай-ақ сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты осы Жарғының 52-бабының 1-тармағының 2),3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көзделген негiздер бойынша; әдiлет басқармасы бастығының - аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты дәл сол негiздер бойынша;
      2) Жоғарғы Соттың Төрағасының - Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты осы Жарлықтың 1-тармағында, ал сот алқалары төрағаларына қатысты - сол сияқты 52-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша; облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың төрағаларымен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты осы Жарлықтың 52-бабының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша;
      3) облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының - осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты осы Жарлықтың 52-бабының 1-тармағында, ал сот алқаларының төрағаларына қатысты сол сияқты 2-тармағында көзделген негiздер бойынша; аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты осы Жарлықтың 52-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша құқығы бар. <*>
      ЕСКЕРТУ. 53-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
               1997.07.01. N 143 Заңымен. Z970143_

      54-бап. Тәртiптiк iс қозғау және қарау мерзiмi

      1. Судья жөнiнде тәртiптiк iс қызметтiк тексеру және судьяның дәлелдi себептермен жұмыста болмау уақытын есептемегенде, терiс қылық жасалған күннен бастап кемiнде бiр айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей қозғалады.
      2. Тәртiптiк iс ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қаралуға тиiс.

      55-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар

      1. Жоғарғы Сот Кеңесi Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының шешiмдерiне жасалған арыздарды қарайды. <*>
      2. Жоғарғы Сот Кеңесiнiң тәртiптiк алқасы Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағаларына қатысты тәртiптiк iстердi, сондай-ақ облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалардың шешiмдерiне шағымдарды қарайды.
      Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасы Жоғарғы Соттың пленумында екi жыл мерзiмге сайланады. <*>
      3. Облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың судьяларына, сондай-ақ аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты тәртiптiк iстердi қарайды. <*>
      4. Облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар

облыстар мен оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер
судьяларының және әскери судьялардың конференцияларында үш жыл
мерзiмге сайланады.
     5. Тәртiптiк алқалардың сандық құрамы, тәртiптiк iстердi
қараудың, олар бойынша шешiм шығарудың және оларды орындаудың
тәртiбi, есеп беру, ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз
ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Ережемен
белгiленедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 55-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

     56-бап. Тәртiптiк iстер бойынша қабылданатын шешiмдер

     Тәртiптiк iс бойынша мына шешiмдердiң бiрi шығарылады:
     1) тәртiптiк жаза қолдану туралы;
     2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы;


      3) судьяны қызметтен босату туралы мәселе қойып, тәртiптiк iс жүргiзу материалдарын iстi қозғаған лауазымды адамдарға немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн Бас Прокурорға жiберу туралы.

      57-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi

      1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңа

тәртiптiк жазаға тартылмаса, ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп
танылады.
     2. Судьяның мiнез-құлқы мiнсiз болған және ол мiндеттерiн
атқаруға адал қараған жағдайда тәртiптiк жаза қолданылған күннен
бастап алты ай өткен соң ол мерзiмнен бұрын алынып тасталуы мүмкiн.
     Тәртiптiк жазаны оны белгiлеген тәртiптiк алқа мерзiмiнен бұрын
алып тастауы мүмкiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 57-баптың 2-тармағы абзацпен толықтырылды - 
              Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 
              Заңымен.  

Z970143_

  

     58-бап. Тәртiптiк алқаның шешiмдерiне шағымдану
     
     1. Облыстық және оған теңестiрiлген тәртiптiк алқаның шешiмiне
өзi жөнiнде шешiм шығарылған судья, сондай-ақ iс қозғаған адам он күн
мерзiмде Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасына шағымдануы мүмкiн.
     2. Жоғарғы Сот тәртiптiк алқасының шешiмiне өзi жөнiнде шешiм
шығарылған судья, сондай-ақ iс қозғаған адам он күн мерзiмде 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесiне шағымдана алады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 58-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен.  

Z970143_

  

             III Тарау. Судьяларды материалдық және әлеуметтiк
                                қамтамасыз ету

     59-бап. Судьяны материалдық қамтамасыз ету



      1. Судьяның еңбекақысы: лауазымдық жалақыдан, бiлiктiлiк сыныбы үшiн үстемеақыдан, кемiтуге болмайтын, қызмет өткерген жылдары үшiн үстемеақыдан, ал әскери судья үшiн - әскери атағы бойынша жалақыдан да, сондай-ақ сыйақылардан тұрады. Судьяға, сондай-ақ заңдарда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген өзге де төлемдер жасалады.
      2. Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларының, төменгi соттар судьяларының лауазымдық жалақыларын Республика Конституциясының 44-бабының 9-тармақшасына сәйкес Республика Президентi белгiлейдi.
      3. Барлық соттардың судьялары арнаулы киiм нысаны - мантиямен тегiн қамтамасыз етiледi, оның үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Республика Президентi бекiтедi.
      4. Қазақстан Республикасы соттардың судьяларына бiлiктiлiк сыныптары берiледi.
      Судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын беру және олардан айыру мәселелерi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережемен белгiленедi. <*>
      5. Қазақстан Республикасының әскери соттары мен әскери сот алқасының судьяларына Әскери қызмет өткеру туралы ереже қолданылады және олар заңдармен белгiленген үлестiң барлық түрiмен қамтамасыз етiледi. <*>
      6. Әскери судьяларға әскери атақтар берудi Қазақстан

Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызметтi өткеру тәртiбiн
реттейтiн заңдарға сәйкес Әдiлет министрi, ал жоғары әскери атақтар
берудi - Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президентi жүргiзедi.
     ЕСКЕРТУ. 59-баптың 4-5-тармақтары жаңа редакцияда - 
              Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 
              Заңымен.  

Z970143_

  

     60-бап. Қызмет өткерген жылдары үшiн берiлетiн
                       үстемеақылар

     Судьяларға бiлiктiлiк сыныбы үшiн үстемеақыларды қоса
лауазымдық жалақысының жалпы мөлшерiне процент есебiмен және қызмет
өткерген жылдарына қарай ай сайын қызмет өткерген жылдары үшiн мынадай
мөлшерде: үш жылдан астам қызмет өткергенi үшiн - он бес, бес жылдан
асса - жиырма, он жылдан асса - отыз, он бес жылдан асса - қырық,
жиырма жылдан асса - елу процент үстемеақы төленедi.

     61-бап. Бұрынғы жұмысты қызмет өткерген жылдарға
                             есептеу

     Үстемеақы алуға құқық беретiн қызмет өткерген жылдарына мыналар
есептеледi:
     1) жоғары заң бiлiмi бар мамандар атқаруға тиiс лауазымдарда
соттарда жұмыс iстеген уақыт; 


      2) жоғары заң бiлiмi бар мамандар атқаруға тиiс лауазымдарда әдiлет органдарында, мекемелерiнде және адвокаттар алқалары мен нотариалдық кеңселерде жұмыс iстеген уақыт;
      3) төрелiк сот төрешiлерi мен судьялары ретiнде мемлекеттiк төрелiк органдарында жұмыс iстеген уақыт;
      4) Конституциялық соттың судьясы (Конституциялық Кеңес мүшесi) ретiнде жұмыс iстеген уақыт;
      5) сыныптық шен берудi көздейтiн қызметке тағайындалған күннен бастап прокуратура органдарында қызмет еткен уақыт;
      6) iшкi iстер, ұлттық (мемлекеттiк) қауiпсiздiк және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң органдарында офицерлiк оперативтiк тергеу лауазымдарында қызмет еткен уақыт;
      7) жоғары заң бiлiмi бар мамандар атқаратын лауазымдарда заң мамандығы бойынша мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда жұмыс iстеген уақыт;
      8) заң мамандығы бойынша ғылыми және педагогтiк жұмыс уақыты.

      62-бап. Жұмыс стажын анықтау жөнiндегi комиссия

      1. Республиканың Жоғарғы Соты судьяларының жұмыс стажын құрамын Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы бекiтетiн комиссия анықтайды. Комиссияның шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
      2. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының жұмыс стажын құрамын тиiстi соттардың төрағалары бекiтетiн комиссиялар анықтайды.
      3. Аудандық (қалалық) соттар судьяларының жұмыс стажын құрамын әдiлет басқармалары бастықтарының шешiмiмен бекiтiлетiн комиссиялар анықтайды.
      4. Әскери соттар судьяларының жұмыс стажын құрамын Әдiлет министрлiгiнiң әскери соттар басқармасының бастығы бекiтетiн комиссия анықтайды.
      5. Осы баптың 2, 3, 4-тармақтарында көрсетiлген комиссиялардың шешiмдерiне шағымдарды құрамын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтетiн Орталық комиссия қарайды.

      63-бап. Судьяны тағайындау, сайлау және ауыстыру кезiнде
                 орташа еңбекақы мен жеңiлдiктердi сақтау

      Мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда қызмет атқаратын адамдарды судья қызметiне тағайындау, сайлау кезiнде, сондай-ақ судьяны ауыстыру кезiнде оларға, егер қазiргi қызметi бойынша белгiленген деңгейден артатын болса, бұрынғы қызметтегi еңбекақысы мен

жеңiлдiктерi екi жыл бойы сақталады.

     64-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары

     1. Республика соттарының судьяларына ұзақтығы отыз күнтiзбелiк
күн болатын жыл сайынғы демалыс берiледi.
     2. Судьяларға кезектi еңбек демалысына шыққан кезiнде сауықтыру
үшiн айлық еңбекақысының екi мәрте мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.

     65-бап. Ауыстыру кезiндегi өтемақылар

     Қызметi бойынша республиканың бiр аймағынан екiншi аймағына
ауыстырылатын судьялар мен олардың отбасы мүшелерiне көшiп-қону
жөнiндегi шығыстары толық көлемде төленедi.

     66-бап. Жол жүру жөнiндегi жеңiлдiктер

     Қызметтiк куәлiктерiн көрсеткен ретте судьялардың мыналарға:
     1) 
<*>

     2) қызметтiк iссапарларға жiберiлген кезде - жүрiп-тұру
құжаттарын және қонақүйлерде орынды кезектен тыс алуға құқығы бар.
     
     ЕСКЕРТУ. 1)-тармақша алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 
              1999.03.12. N 348 Заңымен.  

Z990348_

  
     
     67-бап. Тұрғын үй жеңiлдiктерi

     1. Судьялар қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаңмен бiрiншi
кезекте қамтамасыз етiлу құқығымен пайдаланады.


      2. Судьялық қызметте он күнтiзбелiк жылдан астам iстейтiн судья

тұрақты тұру үшiн алған қызметтiк тұрғын үй-жайды өзiнiң қалауымен
оның қалдық құны бойынша сатып ала алады.
     3. Басқа тұрғын үй-жай берiлмейiнше судьяларды қызметтiк тұрғын
үй-жайлардан шығаруға болмайды.
     4. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж судьяларға жеке тұрғын
үй салу үшiн жер учаскесi тегiн берiледi.
     5.
<*>

     6.
<*>

     7. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде судья қаза тапқан
жағдайда қаза болған судьяның отбасының судья қаза болған күннен
бастап бiр жылдан кешiктiрмей мемлекеттiк тұрғын үй қорынан заңдарда
белгiленген шарттарда және тәртiппен тұрғын алаң алуға құқығы бар.
     8. Судья тұратын тұрғын үй-жайда кезектен тыс тәртiппен телефон
орнатылады.
     Ескерту. 67-баптың 5-тармағы сөздермен және 2 абзацпен 
              толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.04.11. 
              N 91 Заңымен.  

Z970091_

  
     ЕСКЕРТУ. 5,6-тармақтар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 
              1999.03.12. N 348 Заңымен.  

Z990348_

  
     
     68-бап. Судьяларды медициналық және
             санаторий-курорттық қамтамасыз ету

     1. Судьялар және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi тиiстi
мемлекеттiк денсаулық мекемелерiнде медициналық және
санаторий-курорт қызметiмен белгiленген тәртiп бойынша қамтамасыз
етiледi.
     2. Судьяларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық
емдеудiң тәртiбi мен ережелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 68-бап өзгертiлдi және толықтырылды - 
              Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 
              Заңымен.  

Z970143_

  

     69-бап. Судьяларды сақтандыру 
<*>




      1. Судьялар республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi жеке мүлiктiк және медициналық сақтандырылуға тиiс. <*>
      2. Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi сақтандырудың тәртiбi мен ережелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. <*>
      3. Судья қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағылар мен мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша он жылдық еңбекақысы мөлшерiнде бiр жолғы сақтандыру сомасы төленедi.
      4. Судьяға қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде зақымдану, жарақаттану (контузия), мертiгу, ауруға шалдығу салдарынан мүгедектiк белгiленген жағдайда:
      1) I топтағы мүгедекке - бесжылдық еңбекақы;
      2) II топтағы мүгедекке - үшжылдық еңбекақы;
      3) III топтағы мүгедекке - жылдық еңбекақы мөлшерiнде бiр жолғы сақтандыру сомасы төленедi.
      5. Егер судьяның қаза табуы (қайтыс болуы), зақымдануы,

жарақаттануы (мертiгуi), науқасқа шалдығуы қызметтiк мiндеттерiн
атқарумен байланысты емес жағдаяттарға орай болғаны белгiленген
тәртiппен дәлелденсе, сақтандыру сомасы төленбейдi.
     6. Қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы 
адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы 
тағайындалады.
     
     ЕСКЕРТУ. 69-баптың 6-тармағы сөздермен және 2-абзацпен 
              толықтырылды - Қазақстан Республикасының 
              1997.04.11. N 91 Заңымен.  

Z970091_

  
     ЕСКЕРТУ. 69-баптың 6-тармағында сөздер ауыстырылды - 
              Қазақстан Республикасының  1997.06.17. N 128 
              Заңымен.  

Z970128_

  
     ЕСКЕРТУ. 69-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  
     ЕСКЕРТУ. 69-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1999.03.12. N 348 Заңымен.  

Z990348_

  

     70-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығындардың өтемақысы



      Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьяларды және судья қызметiнде зейнетке шыққан зейнеткерлердi жерлеу үшiн үш айлық үлес мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.

      71-бап. Судьяның орнынан түсуi

      1. Судьяның орнынан түсу нысанында қызметiнен босату осы Жарлықтың 47-бабының 1-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көзделген негiздер бойынша жүзеге асырылады.
      2. Бұл ретте судьяға:
      1) сот қоғамдастығының мүшесi болуы және жеке басына ешкiмнiң тиiспеушiлiгi жөнiндегi кепiлдiктер сақталады;
      2) осы Жарлықтың 67, 69, 70-баптарында көзделген жеңiлдiктер

судья ретiнде кемiнде он бес жыл жұмыс стажы болған жағдайда
сақталады;
     3) судья болып жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн соңғы қызметi
бойынша айлық жалақысы есебiнен бiржолғы шығу жәрдемақысы төленедi;
     4) зейнет жасына толуы бойынша және тиiстi стажы мен қызмет
өткерген жылдары бар болған жағдайда судьяның қалауымен осы
Жарлықтың 72-бабында көзделген шарттар негiзiнде зейнетақы
тағайындалады.
     3. Судьяның орнынан түсуi мынадай жағдайларда:
     судья қызметiне тағайындалғанда;
     ол қылмыс немесе сот билiгінiң беделiн түсiретiн келеңсiз әрекет
жасағанда;
     өз еркiмен өтiнiш бергенде;
     Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғанда;
     ол қайтыс болғанда тоқтатылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 71-баптың 3-тармағы жаңа редакцияда - 
              Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 
              Заңымен.  

Z970143_

  

     72-бап. Судьяларды зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру

     Судьяларды зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 72-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 
              1997.06.17. N 128 Заңымен.  

Z970128_

  

            IV Бөлiм. Сот аппараты және оның қызметiн
                               ұйымдастыру

     73-бап. Сот аппараты



      1. Сот аппараты төрелiгiн қамтамасыз ету, сот практикасын қорыту және сот статистикасын талдау, судьяларды және басқа да процеске қатысушыларды қорғау, сондай-ақ соттың басқа да функцияларын орындау жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi.
      2. Аппарат қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы және олардың еңбегiне ақы төлеу, техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және сот органдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн, тiзбесiн Республика Үкiметi белгiлейтiн адамдарды қоспағанда, "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңға сәйкес белгiленедi.

      74-бап. Сот аппаратының құрылымы мен штаттары

      1. Аудандық (қалалық) және оған теңестiрiлген сот аппаратының құрылымы мен штаттарын облыстық және оған теңестiрiлген әдiлет басқармасының бастығы Республиканың Әдiлет министрлiгi бекiткен штат саны мен еңбекақы қоры шегiнде белгiлейдi. <*>
      2. Облыстық және оған теңестiрiлген сот аппаратының құрылымы

мен штаттарын тиiстi сот төрағасының ұсынуы бойынша Республиканың
Әдiлет министрi белгiлейдi.
     3. Жоғарғы Сот аппаратының құрылымы мен штаттарын оны ұстауға
бөлiнген қаражат шегiнде Жоғарғы Соттың Төрағасы бекiтедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 74-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

              V Бөлiм. Қорытынды ережелер

     75-бап. Соттардың қызметiн ұйымдық және
             материалдық-техникалық қамтамасыз ету



      1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың, аудандық (қалалық) және оған теңестiрiлген соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi судьялардың тәуелсiздiгi және олардың тек қана Конституция мен заңдарға бағыну принципiн қатаң сақтай отырып, Республиканың Әдiлет министрлiгi мен оның басқармалары жүзеге асырады. <*>
      2. <*>
      2. Әдiлет министрлiгi және жергiлiктi жерлердегi әдiлет басқармалары:
      1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды, аудандық (қалалық) және оған теңестiрiлген соттарды ұйымдастыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi; <*>
      2) Жоғарғы Сотпен не тиiсiнше облыстық және басқа төменгi соттармен бiрлесiп сот жұмысын жалпы және мақсатты тексерудi жүзеге асырады;
      3) судьяларға жұмыс жүктеу нормативтерiн анықтау және олардың нақты жұмыс көлемiне талдау жасау арқылы соттардың кадрлар жөнiндегi қажеттiгiн анықтайды;
      4) судьялыққа кандидаттарды iрiктеуге байланысты осы Жарлықпен белгiленген iс-қимылдарды жүзеге асырады, сот кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      5) осы Жарлықпен белгiленген тәртiп бойынша облыстық және оған теңестiрiлген соттардың, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың судьяларын ауыстыруды жүзеге асырады;
      6) соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi

ұйымдастырады;
     7) соттарды нормативтiк материалдармен қамтамасыз етедi;
     8) Республиканың барлық соттарында құқықтық статистиканы
жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
<*>

     9) сот шешiмдерiн орындау жөнiндегi жұмысқа басшылық жасайды;
     10) судьялар мен олардың отбасы мүшелерiнiң тәуелсiздiгiн,
құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған
шараларды жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 75-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi, 2-тармақ алынып
              тасталды, 3-тармақ 2-тармақ болып саналды - 
              Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 
              Заңымен.  

Z970143_

  

     76-бап. Сот отырысының хатшысы
     


      1. Азаматтық, шаруашылық және қылмыстық iстердi бiрiншi инстанция бойынша қараған кезде сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасын жүргiзедi және төрағалық етушiнiң ұйғаруы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды.
      2. Жоғарғы Соттың сот отырысының хатшыларын Жоғарғы Соттың Төрағасы, ал жергiлiктi соттарда - әдiлет басқармалары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      3. Аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың сот отырыстары хатшыларының сан құрамы осы соттар судьяларының сан құрамына сәйкес болуға тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 76-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
               1997.07.01. N 143 Заңымен. Z970143_

      77-бап. Сот орындаушылары

      1. Сот орындаушылары азаматтық, шаруашылық даулар жөнiндегi шешiмдердiң, ұйғарымдардың; қаулылардың, қылмыстық iстер бойынша мүлiк өндiрiп алуға қатысты бөлiгiнде үкiмдердiң, ұйғарымдар мен қаулылардың орындалуын, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда басқа да шешiмдер мен қаулылардың атқарылуын қамтамасыз етедi.
      2. Сот орындаушылары Жоғарғы Соттан басқа барлық соттар жанында болады. <*>
      Сот орындаушыларын қызметке тағайындау мен қызметтен босатуды әдiлет басқармасы жүзеге асырады.
      <*>
      Сот орындаушыларының сан құрамы судьялардың сан құрамына сәйкес болуға тиiс. <*>
      3. Соттардың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын, сондай-ақ орындауға жататын басқа да шешiмдер мен қаулыларды атқаруға қатысты сот орындаушыларының ұсынатын талаптары Республика аумағында орналасқан мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
      4. Қажет болған жағдайларда Әдiлет министрi соттардың шешiмдерi мен қаулыларының бұлжытпай атқарылуын қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн немесе бөлiмшелерiн қатыстыру туралы Iшкi iстер министрiне мағлұмхат жөнелтуге хақылы.
      ЕСКЕРТУ. 77-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда -
               Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143
               Заңымен. Z970143_
      ЕСКЕРТУ. 77-баптың 2-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасының
               1999.11.16. N 478 Заңымен. Z990478_
      ЕСКЕРТУ. 77-баптың 2-тармағының 3-бөлігі алынып тасталды - Қазақстан
               Республикасының 2000.07.03. N 63 Заңымен. Z000063_

                    78-бап. Сот приставтары

      1. Сот жасауылдары барлық соттар жанында болады.
      Жоғарғы Соттың сот жасауылдарын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы

бойынша Әдiлет министрлiгi, жергiлiктi соттарда - әдiлет басқармалары
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
<*>

     2. Сот приставтарының құзыретiне:
     1) бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын
бақылау;
     2) орындалатын құжаттарды ерiксiз атқаруда сот орындаушыларына
көмек көрсету;
     3) сотта iс қарау уақытында залда қоғамдық тәртiптi сақтау;
     4) соттардың үйлерiн, судьялар мен процеске басқа да
қатысушыларды қорғау;
     5) соттардың қауiпсiз қызметін қамтамасыз ететiн басқа да функцияларды
орындау кiредi.
<*>

     3. Сот приставтарының қызметi заңмен реттеледi.
     ЕСКЕРТУ. 78-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда, 2-тармақтың
              5)-тармақшасы сөздермен толықтырылды - 
              Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 
              Заңымен.  

Z970143_

  

     79-бап. Соттарды қаржыландыру



      1. Республиканың барлық соттарын қаржыландыру жеке жазылған жолмен республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Соттардың бюджетi соттардың конституциялық өкiлеттiктерiн орындауын толық қамтамасыз етуге тиiс және оны кемiтуге болмайды.

      80-бап. Сот билiгiнiң нышандары

      1. Сот үйiнiң үстiнде Республиканың Мемлекеттiк туы көтерiледi, ал сот отырыстары залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленедi және Мемлекеттiк туы орнатылады.
      2. Судьялар сот төрелiгiн мантияларда жүзеге асырады.
      3. Жоғарғы Соттың Төрағасына, осы соттың сот алқаларының

төрағалары мен судьяларына Қазақстан Республикасының Президентi
белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
     Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы
соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық
(қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен
судьяларына, сот учаскелерінiң аға судьяларына Әдiлет министрi
белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 80-баптың 3-тармағы жаңа редакцияда -
              Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 
              Заңымен.  

Z970143_

  

     81-бап. Қазақстан Республикасы соттарының мөрi

     Республиканың Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген
соттар, аудандық (қалалық) соттар заңды тұлға болып табылады,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ
және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.


     82-бап. Баспасөз органдары

     Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Әдiлет министрлiгiнiң
өз баспасөз органдары болады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 82-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 
              1997.07.01. N 143 Заңымен. 

Z970143_

  

             VI Бөлiм. Өтпелi ережелер

     83-бап. Осы Жарлықтың күшiне енуi және қолданылуы

     1. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.


      2. Осы Жарлықтың 71-бабының 4) тармақшасының күшi "Қазақстан Республикасы Соттарының судьяларын материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуірдегi Жарлығына сәйкес судья қызметiн атқара жүрiп орнынан түскен адамдарға қолданылады.
      3. Осы Жарлықтың 71, 72-баптарының күшi 1995 жылғы 1 қазанға дейiн судья қызметiнде жұмыс iстеген адамдарға қолданылады.
      4. Осы Жарлықтың 80-бабының 2-тармағы сот жүйесiнiң буындары бойынша 1996-1997 жылдар бойы кезең-кезеңiмен күшiне енгiзiледi.
      5. 44-баптың 4-тармағының күшi тиiстi қызметтерге 1996 жылғы 1 қаңтардан кейiн сайланған және тағайындалған адамдарға қолданылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 83-бап 5-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1997.07.01. N 143 Заңымен. Z970143_

      84-бап. Осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз ету

      1. Соттардың тұрақты судьяларын құрылуына байланысты осы Жарлық күшiне енгiзiлгенге дейiн сайланған және тағайындалған Республиканың барлық соттарының судьялары Әдiлет министрi белгiленген мерзiмде Әдiлет министрi мен Жоғарғы Сот Төрағасының бiрлескен шешiмiмен құрылатын комиссияларымен аттестациялануға тиiс. Комиссиялардың шешiмдерiне Әдiлет бiлiктiлiгi алқасына шағым жасалуы мүмкiн.
      Судьяларды аттестаттау туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. <*>
      2. Комиссиялар аттестацияламаған судьялар осы Жарлықтың 47-бабының 1-тармағының 3-тармақшасында көзделген тәртiппен қызметтен босатылады.
      3. Қолданылып жүрген iс жүргiзу заңдары жаңа iс жүргiзу кодекстерi қабылданғанға дейiн заң күшiн сақтайды.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) "Сот приставтары туралы" заң жобасын әзiрлеп, Парламенттiң қарауына енгiзсiн;
      2) Судьялар мен олардың мүлкiн мiндеттi сақтандыру, оларға медициналық қызмет көрсету және санаторий-курорттық емдеу тәртiбi мен шарттары туралы ереженi әзiрлеп, қабылдасын; <*>
      3) осы жарлықтың орындалуын қамтамасыз ету үшiн 1997 жылдан бастап Республиканың Жоғарғы Соты мен Әдiлет министрлiгiне республикалық бюджет қаражаты есебiнен қосымша қаржы бөлудi көздейтiн болсын;
      4) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Әдiлет

министрлiгi Қазақстан Республикасы судьяларының бiлiктiлiк сыныптары
туралы ереженi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртiптiк
алқасы, облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар туралы
ереженi әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Президентiнiң
бекiтуiне ұсынсын.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 84-бап толықтырылды және өзгертiлдi - 
              Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 
              Заңымен.  

Z970143_

  

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
       

      Оқығандар:
     Омарбекова А.Т.
     Икебаева Ә.Ж.