Тұрғылықты мемлекетiнен тыс жерлерде жүрген кезде қызметкерлердiң өндiрiстегi жазатайым оқиғаға ұшырауын тергеудiң тәртiбi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 25 тамыздағы N 2423

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. 1994 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде қол қойылған Тұрғылықты мемлекетiнен тыс жерлерде жүрген кезде қызметкерлердiң өндiрiстегi жазатайым оқиғаға ұшырауын тергеудiң тәртiбi туралы Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия

Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова
Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, 
Түрiкменстан, Өзбекстан Республикасы, Украина Үкiметтерi жасасқан
Келiсiм бекiтiлсiн.
     2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi