Қазақстан Республикасының 1930 жылғы 7 маусымдағы Женева конвенцияларына қосылуы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 21 тамыздағы N 2418

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. 1930 жылғы 7 маусымдағы мынадай Женева конвенцияларына қосылуы жүзеге асырылсын:
      аударымды және жай вексельдер туралы бiрыңғай Заңды белгiлейтiн Конвенцияға. Қосылу аталған Конвенцияның II қосымшасындағы 2,4,6-15,17,18,20-баптарында көзделген жәйттердi ескере отырылып жүргiзiлсiн;

     аударымды және жай вексельдер туралы заңдардағы кейбiр
пiкiр алалығын шешудi мақсат ететiн Конвенцияға;
     аударымды және жай вексельдерге қатысты гербтiк жыйлымы туралы
Конвенцияға.
     2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi