Италиян Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 18 тамыздағы N 2409

      Қазақстан Республикасының Италия Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатуына байланысты қаулы етемiн:
      1. Рим қаласында Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыс сметасын анықтайтын болсын.
     Қазақстан Республикасының
        Президентi