Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және олардың құрамына енетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi ынтымақтас

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 2 тамыздағы N 2395

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және олардың құрамына енетiн адамдардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етудегi ынтымақтастық пен өзара iс-қимыл туралы 1994 жылғы 29 желтоқсанда Москва қаласында қол қойылған Келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
        Президентi