1-бап. Осы Жарлықта қолданылатын негiзгi ұғымдар
"Тазартылған бағалы металдар" - тазарту кезеңiнен өткiзiлген, халықаралық стандарттарға немесе Қазақстан Республикасының стандарттарына сай келетiн металдар (құйма, ұнтақ, түйiршiк түрiндегi); <*>
"Мемлекеттiк қазына қоймасы (Мемқойма)" - заңды тұлғалардың иелiгiндегi бағалы металдардың, асыл тастардың және олардан жасалған бұйымдардың сақталуын шарттық қатынас негiзiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;
"бағалы металдар" - қандай болсын шикiзат, балқыма, жартылай өңделген өнiм, өнеркәсiптiк өнiм, химиялық қосындылар, бұйымдар, сынықтар мен қалдықтар түрi мен күйiндегi алтын, күмiс, платина және платина тобына жататын металдар (палладий, иридий, родий, осмий);
"асыл тастар" - табиғи алмас, зүбәржат, рубин, сапфир және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша шикiзат және ұқсатылған күйiнде басқа да асыл тастар; <*> "металл шоттар" - уәкiлдi банкте заңды немесе жеке тұлғаға ашылатын банкiлiк шоттар, бұларға аталған тұлғаның иелiгiндегi тазартылған бағалы металдардың физикалық мөлшерi көрсетiледi; (6) <*> (7) <*> (8) <*> (9) <*> (10) <*>
"бастапқы саудаластық"- Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын шикiзаттан өндiрiлiп тазартылған бағалы металдарды бастапқы сату жүзеге асырылатын саудаластық. Бастапқы саудаластықты өткiзу ережелерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң келiсуi бойынша уәкiлдi орган айқындайды;
"көтерме алтын" - геологиялық барлау және өндiру жұмыстарын жүргiзу барысында Қазақстан Республикасының карьерлерiнде, түпкiлiктi және шашыранды кен орындарында табылған саф түрiндегi бағалы металдар;
(13) <*>
"уәкiлдiк берiлген банктер"- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi берген лицензияға сәйкес тазартылған бағалы металдармен бастапқы саудаластыққа қатысуға және операция жүргiзуге құқығы бар банктер; <*>
"уәкiлдi берiлген орган" - бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк бұйымдармен қызметтi жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы өкiлеттiктi Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; <*>
"зергерлiк бұйымдар" - бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар.
Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1996.07.03. N 18-I Заңымен. Z960018_
2-бап. Осы Жарлықпен реттелетiн қатынастар
Осы Жарлықтың 3-бабында көрсетiлген бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк бұйымдармен жасалатын қызмет түрлерiн жүзеге асыруға байланысты қатынастар осы Жарлықта белгiленген нысандарда мемлекеттiк реттеуге жатады. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18-I Заңымен. Z960018_ 3-бап. Бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк бұйымдармен қызмет түрлерiн лицензиялау <*> Қазақстан Республикасының аумағында мынадай қызмет түрлерi лицензиялауға жатады: 1) бағалы металдар мен асыл тастарға байланысты: барлау; өндiру; ұқсату; құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар қайталама ресурстарды және қалдықтарды дайындау мен ұқсату; 2) тазартылған бағалы металдарға байланысты: сақтау; меншiк құқығының ауысуы жөнiндегi операциялар: а) сатып алу-сату; б) банк операциялары; 3) зергерлiк бұйымдарға байланысты: әзiрлеу; ЕСКЕРТУ. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18-I Заңымен. Z960018_ 4-бап. Бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк бұйымдармен қызметтi бақылау <*>
Қазақстан Республикасының аумағында осы Жарлықтың 3-бабында көрсетiлген бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк бұйымдармен қызмет түрлерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк бақылау жүйесi жұмыс iстейдi, оны уәкiлдiк берiлген органдар жүргiзедi.
ЕСКЕРТУ. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1996.07.03. N 18-I Заңымен.
5-бап. Есепке алу және есеп беру
Осы Жарлықтың 3-бабында көрсетiлген бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк бұйымдармен жасалатын қызмет түрлерiн жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар белгiленген есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген есеп. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1996.07.03. N 18-I Заңымен.
6-бап. Тазартылған бағалы металдарды сату
1. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған шикiзаттан өндiрiлiп тазартылған бағалы металдар бастапқы саудаластықта сатуға жатады, бұған осы Жарлықтың 13-бабының 1-тармағындағы 1)-тармақшаға сәйкес әкетiлетiн бағалы металдар қосылмайды.
Бастапқы саудаластыққа шығарылған, бiрақ сатылмай қалған тазартылған бағалы металдар уәкiлдiк берiлген орган растаған көлемде iшкi және сыртқы рыноктарда сатылады. <*>
2. Бастапқы саудаластыққа сатып алушы ретiнде заңды тұлғалар, соның iшiнде Бастапқы саудаластықты өткiзу ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының резидентi еместер Ұлттық және уәкiлдiк берiлген банктер арқылы де қатысады. <*>
3. Бастапқы саудаластыққа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қазынашылығының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тазартылған бағалы металдарды сатып алудан алғашқы рет бас тарту құқығы, сондай-ақ сатушылар ретiнде қатысу құқығы бар.
ЕСКЕРТУ. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1996.07.03. N 18-I Заңымен.
7-бап. Тазартылған бағалы металдармен жасалатын мәмiлелер
1. Бастапқы саудаластықта өткiзiлген тазартылған бағалы металдармен, сондай-ақ шет мемлекеттердiң аумағында шығарылған шикiзаттан өндiрiлiп тазартылған бағалы металдармен жасалатын мәмiлелердi заңды және жеке тұлғалар мұндай мәмiлелердiң нәтижелерiн уәкiлдiк берiлген банктердiң металл есеп шоттарында көрсету арқылы iшкi және сыртқы рыноктарда жүзеге асырады. <*>
2. Сыртқы нарықта тазартылған бағалы металдармен жасалатын
мәмiлелер Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. ЕСКЕРТУ. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18-I Заңымен. 8-бап. Тазартылған бағалы металдарды сақтау мен босату 1. Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тазартылған бағалы металдарды сақтау: заңды тұлғалар - Мемқоймада не Ұлттық және уәкiлдiк берiлген банктер қоймаларында; жеке тұлғалар уәкiлдiк берiлген банктерде жүзеге асырады. <*> 2. Бастапқы саудаластықта өткiзiлгенге дейiн тазартылған бағалы металдар өндiрiсте сақталуы мүмкiн.
3. Тазартылған бағалы металдар Мемқоймадан немесе Ұлттық
және уәкiлдi банктердiң қоймаларынан лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру үшiн босатылады. <*> ЕСКЕРТУ. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18-I Заңымен. 9-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тазартылған бағалы металдармен жүргiзетiн операциялары Қазақстан Республикасының Үкiметi тазартылған бағалы металдармен операцияларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы iшкi және сыртқы рыноктарда жүзеге асырады. <*> ЕСКЕРТУ. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18-I Заңымен. 10-бап. Асыл тастармен жасалатын қызмет түрлерi мен операцияларды реттеу Асыл тастармен жасалатын қызмет түрлерi мен операцияларды реттеу қолданылып жүрген заңдарға және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн Ережелерге сәйкес жүргiзiледi. <*> ЕСКЕРТУ. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18-I Заңымен. 11-бап. Бағалы тастар мен асыл тастардың Үкiмет резервi
1. Үкiмет республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi сатып алған, сондай-ақ тәркiленген, иесiз қалған, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен, көмбелер құрамынан табылған бағалы металдар соның iшiнде көтерме алтын мен асыл тастардан әрi тарихи және мәдени ескерткiштер болып табылатын, әрi археологиялық қазбалардан алынған, бұйымдар мен сынықтар құрамындағы немесе аса көркем зергерлiк бұйымдар түрiндегi бағалы металдар мен асыл тастардан тұратын Үкiмет (бюджет) резервiн қалыптастырады. <*>
2. Үкiмет (бюджет) резервi Мемқоймада сақталады. Үкiмет (бюджет) резервiне тапсырылатын құндылықтарды, тапсыру, беру, есептеу және өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ЕСКЕРТУ. 11-баптың 1-тармағына өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 1996.07.03. N 18-I Заңымен.
12-бап. Құрамында бағалы металдар мен асыл тастар
бар сынықтар мен қалдықтар
Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң қолындағы құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар сынықтар мен қалдықтар мiндеттi түрде есепке алуға жатады және олар ұқсату үшiн сатылуы немесе жиналған жерiне қайта пайдаланылуы мүмкiн.
13-бап. Бағалы металдарды әкету <*>
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлiп, шикiзаттан шығарылған тазартылған бағалы металдарды әкетуге мынадай жағдайларда рұқсат берiледi:
1) уәкiлдiк берiлген органмен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен бағалы металдарды өндiру көзделген келiсiм-шарт жасасқан шетелдiк инвесторға не шетел қатысқан заңды тұлғаға;
2) бастапқы саудаластықтан өткен тазартылған бағалы металдарды сатып алған заңды тұлғаға не жеке-дара кәсiпкерге;
3) тазартылған бағалы металдарды сату үшiн бастапқы саудаластыққа шығарған және оларды уәкiлдiк берiлген орган растаған көлемде өткiзе алмаған заңды тұлғаға.
2. Шетел мемлекеттерiнiң аумағында өндiрiлiп, шикiзаттан шығарылған тазартылған бағалы металды Қазақстан Республикасы аумағынан әкету Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және
құрамында бағалы металдар бар шикiзатты оның аумағында тыс жерде тазарту үшiн әкетуге болады. Тазартылып алынған бағалы металдар бастапқы саудаластықта өткiзуге жатады. ЕСКЕРТУ. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18-I Заңымен. 14-бап. Бағалы металдардан жасалған инвестициялық, ескерткiш және мерекелiк мәнеттердi әкелу және әкету Бағалы металдардан жасалған инвестициялық, ескерткiш және мерекелiк мәнеттердi Қазақстан Республикасының аумағында әкелу және әкету Қазақстан Республикасының валюта заңдарымен реттеледi. 15-бап. Тазартылған бағалы металдар мен асыл тастарды әкелу
Қазақстан Республикасының аумағында тазартылған бағалы
металдар мен асыл тастарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен заңды және жеке тұлғалар әкеледi. <*> ЕСКЕРТУ. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18-I Заңымен. 16-бап. Осы Жарлықты бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Осы Жарлықты бұзғаны үшiн осы Жарлықтың 3-бабында аталған қызмет түрлерiмен жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. <*> ЕСКЕРТУ. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18-I Заңымен. 17-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi 1. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 2. Осы Жарлықтың бастапқы саудаластықта өткізiлген тазартылған бағалы металдармен мәмiлелерге қатысты 6-бабының, 7-бабындағы 1-тармағының және 13-бабының 1-тармағындағы 2)- тармақшасының ережелерi Бастапқы саудаластық өткiзу ережелерi бекiтiлгеннен кейiн күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi