Корей Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 12 мамырдағы N 2281


     Қазақстан Республикасының Корей Республикасымен дипломатиялық
қатынастар орнатуына байланысты қаулы етемiн:
     1. Сеул қаласында Қазақстан Республикасының елшiлiгi ашылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан
Республикасының Корей Республикасындағы Елшiлiгiнiң штат кестесi
мен шығыс сметасын анықтайтын болсын.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi