Заң күшi бар "Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы 12 мамыр N 2266

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн

жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" 1992 жылғы 14 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 80-бап; N 13-14, 309-бап; 1993 ж., 
N 18, 441-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
     2-баптағы тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
     16-бап алынып тасталсын;
     17, 18-баптар тиiсiнше 16, 17-баптар болып саналсын.
     2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
        Президентi