Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық қайта құру және даму банкi арасындағы Займ беру туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 12 мамырдағы N 2265

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Халықаралық

қайта құру және даму банкi арасындағы Займ беру (Мұнай саласындағы
техникалық көмек көрсету жобасы) туралы 1994 жылғы 6 желтоқсанда
қол қойылған және 15,7 млн. АҚШ долларына тең сомада кредит бөлудi
көздейтiн келiсiм бекiтiлсiн.
     2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi