Табысқа салық салуға қатысты қосарланған салықты жою және салық салынудан жалтаруды болғызбау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Италия Республикасының Үкiметi арасындағы Конвенцияны бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 21 сәуiр 1995 ж. N 2225

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Табысқа салық салуға қатысты қос салық салуға жол бермеу

және салық салынудан жалтаруды болғызбау туралы Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Италия Республикасының Үкiметi 
арасындағы 1994 жылғы 22 қыркүйекте Римде қол қойылған Конвенция
бекiтiлсiн.
     2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
            Президентi