Арналы мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану кезiндегi өзара iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Россия Федерациясының Үкiметi арасындағы Келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 20 сәуiр 1995 ж. N 2214

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Арналы мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану кезiндегi өзара iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Россия Федерациясының Үкiметi арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтарда Москва қаласында қол қойылған Келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi