Қазақстан Республикасы мен Россия Федерациясының шекаралас облыстарының ынтымақтастығы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Россия Федерациясының Үкiметi арасындағы Келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 20 ақпандағы N 2213

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы мен Россия Федерациясының шекаралас облыстарының ынтымақтастығы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Россия Федерациясының Үкiметi арасындағы 1995 жылғы 26 қаңтарда Омскiде қол қойылған Келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi