Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 18 наурыз N 2137. Күшi жойылды -  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997.05.26. N 3531 жарлығымен. ~U973531

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің 1995 ж. 27.03.
N 68 бұйрығына Қосымша 

Қазақстан Республикасында өзен кемелерін тіркеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1. Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын (әскери-теңіз жалауы астында жүзетін және спорт жарыстарына арналып, пайдаланылатын кемелерден басқа) қуаттылығы 55 квт (75 ат күші бар) және одан артық өздігінен жүзетін кемелер және жалпы сыйымдылығы 80 регистрлік тонна және одан артық өз бетімен жүзбейтін кемелер, сондай-ақ жолаушы кемелер, қозғалтқыш қуаты мен жалпы сыйымдылығына қарамай қауіпті жүктерді тасымалдау үшін арналған құймалы кемелер кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының бөлімшесінде тіркелуі тиіс.
      2. Аталмыш кемелер кеме иесінің Қазақстан Республикасының жалауы астында кеменің жүзуі мен меншік құқығы туралы Куәлікті алған мезетінен бастап, кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының Мемлекеттік су реестріне кемені енгізгенінен кейін ғана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында жүзу құқығын алады.
      3. Кемелерді тіркеу кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекторымен белгіленген тәртіпте жасалады.
      4. Осы Ереженің 1 тармағының талаптарына сәйкес тіркелмеген кемелер ішкі суларда жүзуге жіберілмейді.
      5. Тіркеуге жататын кемелердің Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің келісімі бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігімен берілетін өздерінің меншікті аты немесе нөмірлері болуы тиіс.
      6. Кемені тіркеуге ресімдеу үшін кеме иесімен мыналар тапсырылады:
      6.1. Кемені тіркеу туралы өтініш (N 1 Қосымша);
      6.2. Кеменің жүзуге жарамдылығы туралы Қазақстан Республикасының Теңіз және Өзен Регистрі құжаттарының көшірмесі;
      6.3. Нотариуспен куәланған, кеменің меншік құқығы расталған құжатының көшірмесі;
      6.4. Тіркеу құжаттары бланкілерін төлеу жөніндегі түбіртек;
      6.5. Көлік құралдары иелерінің салық төлеу жөніндегі түбіртегі;
      Кеме тіркеуге құжаттар берген кеме иесі оларда көрсетілген ақпардың дұрыстығына жауап береді.
      7. Осы Ереженің 6 тармағында көрсетілген құжаттар негізінде кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің Бас инспекциясы кеме туралы хабарды Кеме реестріне (N 2 Қосымша) енгізеді, кемеге тіркелу нөмірін береді және кеме иесіне кеменің меншік құқығын растайтын және Қазақстан Республикасы жалауы астында кеменің жүзу құқығын куәлайтын Кеме куәлігін (N 3 Қосымша) береді.
      8. Кеме реестрінің N 23 бағаны бойынша кемелерге тіркелу нөмірлерді беру төмендегі литерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады:
      8.1. Жоғарғы-Ертіс бассейніне - "ВИ";
      8.2. Орал бассейніне - "У";
      8.3. Іле бассейніне - "И";
      8.4. Балқаш бассейніне - "Б";
      8.5. Есім бассейніне - "Иш".
      9. Кеменің жазылу орнын айқындау мақсатында нақты бассейн үшін белгіленген әріп литеріне қосымша сан литерлері белгіленеді:
      9.1. Шығыс-Қазақстан учаскесі - "ВИ-1";
      9.2. Семей учаскесі - "ВИ-2";
      9.3. Павлодар учаскесі - "ВИ-3";
      9.4. Орал учаскесі - "У-1";
      9.5. Атырау учаскесі - "У-2".
      10. Кемелерге берілген тіркелу нөмірлері және олардың литерлік белгілері (әріптік және сандық) кеменің аты немесе нөмірінен жоғары мұрындық жағындағы екі бүйірінде жазылады. Әрі өзінің мөлшері бойынша кеме атының (нөмірінің) жазуы оның тіркелу нөмірі мен литерлік белгісінен ірі болуы тиіс.
      Кеменің мұрындық жағына басқа жазуларға рұқсат етілмейді.
      Тіркеу нөмірі 507, Шығыс-Қазақстан учаскесінің Жоғарғы-Ертіс тіркелген кеменің жазу үлгісі:
                          "ВИ - 1 - 507"
      11. Жаңа Кеме куәлігін беріп, кемелерді қайта тіркеу мына жағдайларда жасалады:
      11.1. Кеменің үлгісі өзгергенде;
      11.2. Кеме иесі ауысқанда;
      11.3. Кеме аты өзгергенде.
      12. Кемені қайта тіркеуді ресімдеу үшін оның иесіне мыналар қажет:
      12.1. Кеменің тіркелу орнына 10 күн мерзімнің ішінде оны қайта тіркеу туралы өтінішті беруі және бұл жөнінде Кеме куәлігіне тиесілі белгі қойғызуы қажет;
      12.2. Осы Ереженің 5 тармақтарының талаптарына сәйкес кемені тіркеу қажет.
      Кеменің тіркелу орнының өзгеруі қажет болған кезде кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясына (оның жол бөлімшесіне) 5.1.-5.4. тармақтарда көрсетілген құжаттарға қосымша тағы да Кеме куәлігі (кеменің бұрынғы тіркелу орнынан шығарылғандығы туралы белгісі бар) ұсынылуы қажет.
      13. Кеменің негізгі техникалық сипаттамасы өзгерген кезде (жолаушы сыйымдылығы, жүк көтерімділігі, қуаттылығы, жүзу разряды) кеменің тіркелу орны бойынша 10 күннің ішінде Кеме куәлігіндегі және Кеме реестріндегі тиесілі жазулар дұрысталады.
      14. Кеме куәлігін жоғалтқан жағдайда кеме иесі бұл жөнінде жедел түрде кеменің тіркелу орнына жазбаша мәлімдеуге міндетті. Кеме иесіне жоғалтылған кеме куәлігінің орнына кемеге екі ай мерзімге ғана жүзуге рұқсат етілгендігі туралы анықтама беріледі, ол мерзім өткен соң кеме иесіне Кеме куәлігінің көшірмесі беріледі.
      15. Кеменің апат болған, жойылған немесе шығарып тасталған жағдайында кеме иесі бұл жөнінде 1 ай мерзім ішінде кеменің тіркелу орнына хабарлауға және кемені Кеме реестрінен шығару үшін Кеме куәлігін тапсыруға міндетті.
      Кемені Кеме реестрінен шығару үшін кеме иесі, тағы мыналарды береді:
      15.1. Кеменің жүзуге жарамсыздығы туралы Теңіз және Өзен Регистрінің қорытындысын;
      15.2. Кемені шығару туралы кеме иесі комиссиясының акті;
      15.3. Көлік құралдары иелерінің салық төлегені туралы түбіртегі.
      16. Егер кеме Қазақстан Республикасы Кеме реестрінен белгіленген тәртіппен шығарылмаса, онда шетел мемлекетіндегі Кеме реестрінде қазақстандық кемені тіркеу заңсыз болып табылады.
      17. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясында (оның жол бөлімшелерінде) ағымдағы жылдың кемелерін тіркеу туралы хабарды есептеу N 4 Қосымшада көрсетілген нысан бойынша жүргізіледі.
      18. Осы Ережені бұзушылар Қазақстан Республикасының пәрменді заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасында өзен
кемелерін тіркеу Ережелеріне
N 1 Қосымша

Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі
Бас инспекциясына

____________________________________________________________________
________________________ бассейні _________________________ учаскесі
Толық және қысқаша кеме иесінің аты, оның заңды мекен-жайы,
телефоны, факсы, тіркелу орны_______________________________________
____________________________________________________________________

ӨТІНІШ

________________________ қарасты кемені тіркеуге алуыңызды өтінемін.
Кеменің мына айыру белгілері бар:
1. Кеменің аты немесе оның нөмірі___________________________________
2. Үлгісі және міндеті______________________________________________
3. N ______ жоба, құрастырылған орны мен жылы_______________________
4. Корпусының материалы_____________________________________________
5. Бас машиналары (үлгісі, саны және жалпы қуаттылығы)______________
6. Кеменің габариттік өлшемі:
   ұзындығы _______ м, ені _______ м, толық жүгімен батымдылығы__ м,
   жүксіз батымдылығы _______м, қондырмасымен бірге ең үлкен
биіктігі (жүксіз батымдылығынан) _________ м.
7. Белгіленген жүк көтерімділігі ______________ т,
   жолаушы сыйымдылығы ____________________________ адам.
8. Жүзу разряды_____________________________________________________
9. Қозғалтқышының үлгісі____________________________________________
10. Басқару қондырғысы (қолмен, механикалық, электрлік және т.б.)
____________________________________________________________________
11. Су өткізбейтін қабырғаларының саны______________________________
12. Құтқару шлюпкалары (саны, жалпы сыйымдылығы)____________________
13. Жүріс жылдамдығы (максимальды)__________________________________
14. Зәкірлердің саны мен олардың салмағы____________________________
15. Радионавигациялық жабдықтау (аты, үлгісі, саны)_________________
16. Су төгу құралдары (жүйесі, туындысы)____________________________
17. Өрт жүйесі (үлгісі, туындысы)___________________________________
18. Тіркеу үшін қоса берілген құжаттар______________________________
____________________________________________________________________
      Ескерту: Теңіз және Өзен Регистрінің келесі қарау күні
199 ж "__"__________

      Басшысының немесе иесінің қолы

Қазақстан Республикасында
өзен кемелерін тіркеу  
Ережелеріне       
N 2 Қосымша      

КЕМЕ ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ БАС ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ
КЕМЕ ТІЗІЛІМІ

__________________ бассейнінің __________________ (учаскесі)
басталды___________ аяқталды _________беттерінің________барлығы
____________________________________________________________________
1. NN р/с.
2. Тізілімге енгізілген күні.
3. Кеме иесінің толық және қысқа аты,
   заңды мекен-жайы, телефоны, факсы,
   тіркеу орны.
4. Кеменің аты мен нөмірі.
5. Кеменің түрі өз бетімен жүзетіндігі
   немесе жүзбейтіндігі көрсетілген
6. Кеменің міндеті (жолаушылар, жүк
   тасымалдауға немесе басқа мақсатқа)
7. Жоба N _______
8. Жасалған жылы мен орны.
9. Корпусының материалы.
10. Негізгі машиналары (түрі, саны, қуаты)        ___________
11. Ұзындығы.                                    | Кеменің
12. Ені.                                         |
13. Толық жүгімен батымдылығы.                   | ауқымдық
14. Жүксіз батымдылығы.                          |
15. Үстіңгі бөлігімен қоса барша биіктігі        | өлшемі
     (жүксіз батымдылығынан).                    | метрмен
16. Жүк көтерімділігі (т).                       |___________
17. Жолаушы сыйымдылығы.
18. Жүзу разряды.
19. Қозғағышының түрі (бұранда саны).
20. Руль қондырғысы (қолмен, механикалық,
    электрмен, сумен).
21. Құтқару сылыптары (саны, жалпы сыйымдылығы).
22. Жүру жылдамдығы (ең шапшаң, шақырым/сағат).
23. Кеменің тіркеу нөмірі (кеме куәлігіне берілген
    N және берілген күні)                         ___________
24. Күні.                                        | Өзгерту
25. Қандай өзгерістер енгізілді (құжатқа сілтеме)| туралы белгілер
26. Күні.                                        | Тіркеуден шығару
27. Тіркеуден шығару себебі (құжатқа сілтеме)    | туралы белгілер
                                                 |____________

Қазақстан Республикасында өзен
кемелерін тіркеу Ережелеріне
N 3 Қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы)
N _______ КЕМЕ КУӘЛІГІ

       Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы
Кеме реестрі ________________бассейні ________ учаскесі мәліметінің
негізінде төменде көрсетілген__________________________________ кеме
                               (өз бетімен жүзетін, жүзбейтін)
__________________________________________________ құрамына жатады.
  (кеме иесінің толық аты, оның заңды мекен-жайы)
1. Кеменің аты немесе оның нөмірі___________________________________
2. Үлгісі және міндеті______________________________________________
3. N _________ жоба, құрастырылған жылы және орны __________________
4. Корпусының материалы_____________________________________________
5. Бас машиналары (үлгісі, саны, жалпы қуаттылығы)__________________
____________________________________________________________________
6. Кеменің габариттік өлшемі:
   ұзындығы _______ м, ені _______ м, толық жүгімен батымдылығы__ м,
   жүксіз батымдылығы _________ м, қондырмасымен бірге ең жоғары
биіктігі (жүксіз батымдылығы) _______ м.
7. Белгіленген жүк көтерімділігі _________ т,
   жолаушы сыйымдылығы _________ адам.
8. Жүзу разряды_____________________________________________________
      Осы Куәлік Қазақстан Республикасының жалауы астында кеменің
жүзу құқығын куәлайды және кеменің меншіктік құқығын растайды. Кеме
куәлігінің түпнұсқасы кемеде сақталады (өздігімен жүзбейтін
экипажсыз кемеде - кеме иесінде).
      Осы Куәлік кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас
инспекциясы _________________ бассейнінің _______________________
учаскесімен беріледі.

      Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі
      Бас инспекциясы бассейнінің (учаскесінің) басшысы  

  М.О.                   19 ж "___"_________________

          Кеме қатынасы және теңізде жүзу      Қазақстан Республикасында өзен
қауіпсіздігі Бас инспекциясының      кемелерін тіркеу Ережелеріне
кемелерді тізу туралы мәліметі              N 4 Қосымша
______________________ бассейні
______________________ учаскесі ____________________________________________________________________
|          |                   |          өздігінен жүзетін флот 
|          |                   |___________________________________|
|          |                   |Жолау.|жүк| бук.|кө.|тех.|өзге|өзі |
|          |                   |  шы  |   |сирлі|мек|ника|лері|жүзе|
|          |   Флот иелері     |      |   |     |ші |лық |    |тін.|
|          |                   |      |   |     |   |    |    |дер.|
|          |                   |      |   |     |   |    |    |дің |
|          |                   |      |   |     |   |    |    |бар.|
|          |                   |      |   |     |   |    |    |лығы|
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|Мемлекет. |                   |      |   |     |   |    |    |    |
|тік кәсіп.|                   |      |   |     |   |    |    |    |
|орындар   |                   |      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|          |        Жиыны      |      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|Акционер. |                   |      |   |     |   |    |    |    |
|лік кәсіп.|                   |      |   |     |   |    |    |    |
|орындар   |                   |      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|          |        Жиыны      |      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|Бірлескен |                   |      |   |     |   |    |    |    |
|кәсіпорын.|                   |      |   |     |   |    |    |    |
|дар       |                   |      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|          |        Жиыны      |      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|Коопера.  |                   |      |   |     |   |    |    |    |
|тивтер    |                   |      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|          |        Жиыны      |      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|Жеке кеме |                   |      |   |     |   |    |    |    |
|иелері    |                   |      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|          |        Жиыны      |      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
|          | Флоттардың барлығы|      |   |     |   |    |    |    |
|__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____|
__________________________________________
     өздігінен жүзбейтін флот   |          |
__________________________________________|
  жүк | тұрық. | өзге.| жүзбей. | Флоттар. |
      |   шы   | лері | тіндер. |   дың    |
      |        |      |   дің   | барлығы  |
      |        |      | барлығы |          |
      |        |      |         |          |
      |        |      |         |          |
_____|________|______|_________|__________|
      |        |      |         |          |
      |        |      |         |          |
      |        |      |         |          |
_____|________|______|_________|__________|
      |        |      |         |          |
_____|________|______|_________|__________|