Қазақстан Республикасының төменгi соттарын қалыптастыру тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 17 наурыз N 2125. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2000.12.25. N 132 Заңымен. ~Z000132

      Шетел мемлекеттерi елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдары өкiлдерiнiң қызметi үшiн қолайлы жағдай туғызу, мүлiктiк өзара қарым-қатынас пен бюджет қаражатын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жанындағы Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс жөнiндегi департамент (бұдан әрi - Департамент) 1995 жылғы 1 наурыздан бастап шаруашылық есепке және өзiн өзi қаржыландырылуға көшiрiлсiн.
      2. Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсу бойынша Департамент туралы қолданылып жүрген Ережеге тиiстi өзгерiстер енгiзiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсу бойынша Департамент қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттарын қайта қарайтын болсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi