Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күнін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 15 маусымдағы N 1224 Жарлығы.

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.09.2022 № 1013 Жарлығымен.

      Мүгедектігі бар адамдарға мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынымдарын ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.09.2022 № 1013 Жарлығымен.

      1. Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.09.2022 № 1013 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі болып саналсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 15.09.2022 № 1013 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi