Қазақстан Республикасының Европаның Жаңғырту және Даму Банкiне мүшелігi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 25 мамыр N 1212. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.04.26. N 854 жарлығымен. ~U020854

      Қазақстан Республикасының Европаның Жаңғырту және Даму Банкiнiң қызметiне қатысуы үшiн қажеттi шаралар қабылдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Европаның Жаңғырту және Даму Банкiн құру туралы Келiсiмге сәйкес осы банкке тиесiлi барлық валюта қаржысының, сондай-ақ оның басқа активтерiнiң депозитарийi болуына өкiлдiк берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi аталған Келiсiм шеңберiнде туындайтын мәселелер бойынша Европаның Жаңғырту және Даму Банкiмен байланысты жүзеге асыратын ресми орган деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасы

Үкiметiмен келiсiм бойынша Европаның Жағырту және Даму Банкiн құру
туралы Келiсiмде көзделген барлық iс-әрекеттер мен мәмiлелердi
орындауға, Қазақстан Республикасы атынан оған төленуi немесе берiлуi
мүмкiн кез-келген соманы алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Европаның Жаңғырту және Даму банкiне мүшелiк жарнаны мерзiмiнде төлеп
тұруын қамтамасыз етуге өкiлеттi.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi