Иран Ислам Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1056


     Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасымен
дипломатиялық қатынастар орнатуына байланысты қаулы етемiн:
     1. Тегеран қаласында Қазақстан Республикасының Елшiлiгi
ашылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Иран
Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат
кестесi мен шығыстарының сметасын анықтасын.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi