Германия Федеративтiк Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1054

      Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасымен дипломатиялық қатынас орнатуына байланысты қаулы етемiн:
      1. Бонн қаласында Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыстарының сметасын анықтасын.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi