"Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 3 қазандағы № 1514 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан сұратады және алады;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 3 қазандағы
№ 1514 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы
№ 621 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында

цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның

ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі, хатшы

      Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісім бойынша)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

      сарапшылар:

      Ахметов Қайрат Бәкібайұлы – "Freedom Telecom Operations" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

      Әбдуәлиев Әсет Қуандықұлы – "Silkroad Innovation Hub" компаниясының бас атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы – Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Бутумбаев Серік Батырханұлы – "Platonus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

      Датбаев Әлібек Амангелдіұлы – "Booking.com" компаниясының өнеркәсіптік ортадағы жасанды интеллект бөлімінің басшысы (келісім бойынша)

      Қанафин Байжан Болатбекұлы – "Documentolog Global Limited" жеке компаниясы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

      Қожанов Мұрат Ғалиасқарұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Цифрландыру және инновациялар институтының директоры (келісім бойынша)

      Ломтадзе Михаил Нугзарович – "Kaspi Bank" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

      Мусин Бағдат Батырбекұлы – "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

      Мухоряпов Рамиль Радикович – "Chocofamily Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі байқаушылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

      Төлебаев Дәурен Оңғарбекұлы – "Kazdream Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Турлов Тимур Русланович – "Freedom Holding Corp." компаниясының бас директоры (келісім бойынша)

      Шаяхметова Үміт Болатханқызы – "Қазақстан Халық банкі" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)