"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына және "Қазақстан Халық Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Хатшылық) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Хатшылық туралы ереже;
2) Хатшылықтың құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ережені бекіту туралы" 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 747 және "Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлігіміз – әралуандықта" 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын бекіту туралы" 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 1144 жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Халық Кеңесінің және Хатшылықтың басшылығын орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараты қалыптастырылған кезден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 шілдедегі № 1343 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы (бұдан әрі – Хатшылық) – Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
2. Хатшылық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Халық Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Қазақстан Халық Кеңесі туралы Конституциялық заң), осы Ережеге, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Хатшылық – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен бланкілері, сондай-ақ банк мекемелерінде тиісті шоттары болады.
4. Хатшылық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Хатшылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Хатшылықты Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі болып саналмайтын Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – басшы (бұдан әрі – Хатшылық Басшысы) басқарады.
7. Хатшылық өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Хатшылық Басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Хатшылықтың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Хатшылықтың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 4-үй.
10. Осы Ереже – Хатшылықтың құрылтай құжаты.
11. Хатшылықтың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Хатшылыққа кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
12. Хатшылықтың қызметін қаржылай, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2-тарау. Хатшылықтың міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
13. Хатшылық өз қызметінде Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасымен, Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасымен (Президиуммен), Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасарларымен, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелерімен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, консультативтік-кеңесші органдармен, Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттерімен, салалық комиссияларымен және жұмыс топтарымен, сондай-ақ мәслихаттармен және қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.
14. Міндеттері:
1) Қазақстан Халық Кеңесі туралы Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Халық Кеңесі қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылай, кадрмен, әдістемелік және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіру.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және азаматтық қоғам институттарынан Қазақстан Халық Кеңесі қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып сұрату және алу;
сарапшыларды, ғылыми және кәсіптік қоғамдастықтарды Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің мәселелері бойынша талдамалық және ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындауға тарту;
мәслихаттармен және қоғамдық кеңестермен Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты мен міндеттерін іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қабылдау және қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Халық Кеңесі туралы Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің, оның құрылымдары мен лауазымды адамдарының өкілеттігін іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясын және Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының отырыстарын дайындау мен өткізу;
3) заң жобаларын Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттерінде, салалық комиссиялары мен жұмыс топтарында алдын ала талқылауды қоса алғанда, Қазақстан Халық Кеңесінің заң шығаруға бастама жасау құқығын іске асыру және Қазақстан Халық Кеңесі туралы Конституциялық заңда көзделген рәсімдер шегінде жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтеру ұсыныстарын дайындау бойынша Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
4) Қазақстан Халық Кеңесіне мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде тұжырымдамалық тәсілдерді, ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге жәрдемдесу;
5) Қазақстан Халық Кеңесінің мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселелерін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жария талқылауға қатысуын қамтамасыз ету;
6) әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік маңызы бар басқа да гуманитарлық форумдарды дайындау және өткізу;
7) Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
8) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты мен міндеттеріне байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда Қазақстан Халық Кеңесінің қоғамдық бақылауды жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Халық Кеңесінің іс-шараларын (Сессияны, Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының, Қазақстан Халық Кеңесі тұрақты және уақытша комитеттерінің, салалық комиссиялары мен жұмыс топтарының, консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын), күн тәртібін, ұсынымдарды, материалдарды, хаттамалар, шешімдер жобаларын дайындауды және олардың орындалуын бақылауды қоса алғанда, ұйымдастырушылық-хаттамалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтық қоғам институттары арасындағы жалпыұлттық диалогты қамтамасыз ету үшін қоғамдық алаңдарды, консультацияларды және тыңдауларды, семинарларды, конференцияларды, сондай-ақ өзге де іс-шараларды ұйымдастыру;
11) Қазақстан Халық Кеңесінің мемлекеттің ішкі саясатының мәселелері, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
12) Қазақстан Халық Кеңесінің этномәдени бірлестіктермен, мәслихаттармен және қоғамдық кеңестермен, қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ бейіндік қоғамдық алаңдарды, консультациялар мен тыңдауларды сүйемелдеу;
13) Қазақстан Халық Кеңесінің жұмыс жоспарын, іс-шаралардың желілік графигін қалыптастыру және сүйемелдеу, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының және Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының тапсырмалары бойынша материалдар дайындауды үйлестіру;
14) қоғамдық процестерді мониторингілеуді және талдауды, ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдар дайындауды қоса алғанда, Қазақстан Халық Кеңесі қызметін ақпараттық-талдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Халық Кеңесінің баспа қызметін, қоғамдық коммуникацияларды қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары және жұртшылық үшін материалдар дайындау;
16) құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты және Қазақстан Халық Кеңесі өкілдерінің халықаралық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету;
17) құжаттар жобаларына заң тұрғысынан сараптама ұйымдастыруды, шешімдер мен материалдар жобаларын келісуді қоса алғанда, Қазақстан Халық Кеңесі қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
18) Қазақстан Халық Кеңесін әкімшілік және кадрмен қамтамасыз ету, құжат айналымын жүргізу, тапсырмалардың орындалуын бақылау, процестерді цифрландыру, режимдік шараларды және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Халық Кеңесінің тұрақты және уақытша комитеттерін, салалық комиссияларын, жұмыс топтарын және консультативтік-кеңесші органдарын қалыптастыру және олардың қызметін қамтамасыз ету.
3-тарау. Хатшылық Басшысының мәртебесі мен өкілеттігі
17. Басшы Хатшылыққа басшылық етеді, ол Хатшылыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
18. Хатшылық Басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын екі орынбасары болады.
19. Хатшылық Басшысының өкілеттіктері:
1) Хатшылық қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының орындалуы үшін дербес жауапты болады;
2) өзінің орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары арасындағы міндеттерді бөледі;
3) Хатшылықтың ішкі регламенттерін, нұсқаулықтарын бекітеді және бұйрықтар шығарады;
4) Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясына және Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады, оларды хаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясына және Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының отырыстарына кеңес беру ретінде дауыс беру құқығымен қатысады;
6) Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясы, Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы және Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
7) құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара қатынастарда Хатшылық атынан өкілдік етеді;
8) Хатшылық жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады және еңбек қатынастары саласындағы өз құзыреті шегінде оларды көтермелеу мәселелерін шешеді;
9) Қазақстан Республикасының Президентіне Хатшылық жұмыскерлерін және өзге де адамдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсынымдар енгізеді.
Хатшылық Басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
4-тарау. Хатшылықтың мүлкі
20. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Хатшылықтың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
21. Хатшылықтың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде иеленген мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Хатшылыққа бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Хатшылық өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен иеленген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Хатшылықты қайта ұйымдастыру және тарату
23. Қазақстан Республикасының Президенті Хатшылықты қайта ұйымдастыруды және таратуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 шілдедегі № 1343 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі
Қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі
Мәслихаттармен және қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл бөлімі
Ақпараттық-талдау бөлімі
Әкімшілік бөлім
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 2026 жылғы 2 шілдедегі № 1343 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
мына:
"
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары | 405 |
| " |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараты | 357 |
| "; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты | 357 |
| " |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараты | 357 |
| "; |
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы | 48 |
| ". |
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы ережеде:
13-тармақтың 4) тармақшасы "адамдардың, сондай-ақ" деген сөздерден кейін "Қазақстан Халық Кеңесі," деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтың 6) тармақшасындағы "Президент Әкімшілігі Басшысының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:
15-тармақтың 7) тармақшасы "депутаттарына," деген сөзден кейін "Қазақстан Халық Кеңесіне," деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты;";
24-тармақтың 19) тармақшасындағы "Жоғары Сот Кеңесінің отырыстарына" деген сөздер "Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының отырыстары мен алқа жиналыстарына және Қазақстан Халық Кеңесінің сессияларына" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы.".
6. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:
мына:
"
Қазақстан Республикасы Құрылтайы Аппаратының басшысы | Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы |
| " |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы | Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы |
| "; |
мына:
"
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараты басшысының орынбасарлары | Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппараты басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы |
| " |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасарлары | Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы |
| ". |
7. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығында:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесінде:
қызмет бабында пайдалану үшін.