"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 1238 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында:

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші әскери қызметке кірген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өзіне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті әскери қызмет өткеру кезеңінде сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде кадр қызметіне мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті. Келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшi өзiне меншiк құқығында тиесiлi тұрғынжайды мүлiктiк жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенiмгерлiк басқаруға берiлген мүлiктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев