"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 1018 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев