"Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 965 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 44-4), 84-4), 84-5), 84-6), 84-7) және 84-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "44-4) ұсынылатын (ұзартылатын) салықтық жеңілдікті келісу;";

      "84-4) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;

      84-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      84-6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      84-7) әзірленген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде өзіне ведомостволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз ету;

      84-8) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы Жарлықтың 1-тармағының 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев