ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ереженің 14-тармағы мынадай мазмұндағы 235-3), 235-4) және 235-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"235-3) бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп келісу;
235-4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражатын Ұлттық пошта операторындағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына орналастыру мерзімдері мен көлемдерін мемлекеттік қазынашылықпен келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп келісу;
235-5) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті қалыптастыру және оның қалыптастырылу тәртібін айқындау;".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |