1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның дербес құрамын айқындайды.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 893 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ҚҰРАМЫ
Балаева | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Ысқақова | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, PhD, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Сүлеймен | - Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Тарасенко | - қоғам қайраткері, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Омарова | - адвокат, құқық қорғаушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Нұрахметова | - гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы, хатшы (келісім бойынша) |
Әбдірахманова | - "Қазақ-Америка университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Әдиева | - "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтік қорының бас директоры (келісім бойынша) |
Байдашева | - "Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" қауымдастығы өкілдігінің директоры (келісім бойынша) |
Байсақова | - "Дағдарыс Орталықтар Одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Гребенникова | - "Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы (КМПА)" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, отбасын жоспарлау, жеткіншектер мен жастардың денсаулығын қорғау саласындағы сарапшы, жоғары санатты дәрігер (келісім бойынша) |
Гурина | - "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша) |
Дәулетбаева | - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры (келісім бойынша) |
Жанғазинова | - медиакоммуникациялар саласындағы сарапшы, "NazymPR" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Жандосова | - "Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің филиалы - Шымкент қалалық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Зұлхайыров | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментінің бастығы (келісім бойынша) |
Имашева | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Каримова | - "ҚМГ Инжиниринг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кадр мәселелері жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша) |
Каринова | - "AMANAT" партиясы" қоғамдық бірлестігінің хатшысы, партияның әйелдер қанатының төрағасы (келісім бойынша) |
Қажыбаева | - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша) |
Қалтаева | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы (келісім бойынша) |
Қанай | - "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша) |
Қарабасова | - "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша) |
Қожалы | - қоғам қайраткері, "HAQ" қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы (келісім бойынша) |
Ли | - "Dolce" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы (келісім бойынша) |
Миронюк | - "Ұлттық волонтерлік желі" қауымдастық нысандағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Сәрсенбаева | - Жамбыл облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша) |
Семидоцких | - кәсіпкер, "Русская община Северо-Казахстанской области" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі уәкіл (келісім бойынша) |
Сүлейменова | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Тасбергенова | - "Рухани Қазына" қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша) |
Хангелдина | - жоғары санатты дәрігер, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, MBA магистрі, блогер (келісім бойынша) |
Хасенов | - "M.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti" акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры, құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы (келісім бойынша) |
Шанаи | - Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Шөжеева | - кәсіпкер, "Techno Woman" коммерциялық емес ұйымы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |