Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 273-1) және 273-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"273-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
273-2) медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
316) қызмет бабында пайдалану үшін;
335) қызмет бабында пайдалану үшін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |