Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 мамырдағы № 560 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 27 мамырдағы
№ 560 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 өзгерістер:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы прокуратурасының
ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ

Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде:
Бас прокуратура, Құқық қорғау органдарының академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық және оларға теңестiрiлген органдары, Активтерді қайтару жөніндегі комитет

5886

  ".

      2. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      3. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      4. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 366 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті туралы ережеде:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Комитет төрағасында Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлар болады.";

      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттіліктері мен өкілеттіктерін айқындайды;".