"Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 403 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қоданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларында:

      4-тармақта:

      2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Президенттің тапсырмалары – өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі), Қазақстан халқы Ассамблеясы (сессияның және Кеңестің шешімдері) және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалар; Президенттің қызметтік құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тапсырмалары, соңдай-ақ Президенттің жеке тапсырмалары, соның ішінде оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;";

      "5) Президенттің актісін немесе тапсырмасын іске асыру жөніндегі бақылауды бекіту – актінің/тапсырманың орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, тапсырманың әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімін, аяқталу нысанын, жауапты орындаушыларды, бақылауды жүзеге асыру деңгейін, Президент Әкімшілігінің бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелерін және қажет болған кезде орындаудың түпкілікті нәтижесін көрсететін, белгіленген нысандағы құжат;";

      14) тармақша алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Үкімет, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар дайындаған мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі Президент актілерінің жобалары және оларға қосымшалар Президент Әкімшілігіне Үкіметтің қаулысымен электрондық құжат айналымының жүйесі арқылы электрондық түрде енгізіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Президент актілерінің жобаларын:

      1) Үкімет – Премьер-Министрдің қолы қойылып;

      2) өзге де мемлекеттік органдар – осы органдардың бірінші басшыларының қолы қойылып, электрондық құжат айналымының жүйесі арқылы электрондық түрде енгізеді.

      Президент актілерінің жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен электрондық келісу парағында келісіледі, бұған Президенттің әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы ғана виза қоятын судьяларды лауазымға тағайындау және лауазымнан босату мәселелері жөніндегі актілерінің жобалары қосылмайды.

      Мемлекеттік құпияларды қамтитын Президент актілерінің жобалары қағаздағы түрінде келісіледі және Президент Әкімшілігіне енгізіледі.

      Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын Президент актілерінің жобалары электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған айрықша жағдайларда ғана қағаздағы түрінде келісіледі және Президент Әкімшілігіне енгізіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бекіту туралы Президент актілерінің жобаларын Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Егер Президент актісінің жобасында кемшіліктер анықталса немесе ол бойынша жұмыс тәртібімен жойылатын қарсылықтар болса, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшісі немесе кеңесшісі өзгеше мерзім белгілемесе, жоба Президент Әкімшілігінде бес жұмыс күнінің ішінде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен пысықталуы мүмкін.";

      24-тармақтың үшінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президенттің қол қоюына енгізілгенге дейін актінің жобасына Президент Әкімшілігінің Басшысы, сондай-ақ міндеттер бөлінісіне сәйкес Президент Әкімшілігінің жауапты бөліміне жетекшілік ететін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшісі немесе кеңесшісі және Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің басшысы қағаздағы түрінде виза қояды.";

      "Қажет болған кезде Президент актісінің жобасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі электрондық түрде виза қояды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Президент тапсырмаларының жобаларын дайындау кезінде:

      1) көтерілетін мәселелердің пысықталғаны және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілгені;

      2) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

      3) нақты күтілетін нәтиже және тиімділік;

      4) орындау мерзімдерінің нақтылығы;

      5) экономикалық орындылығы және ресурстармен қамтамасыз етілгені;

      6) Үкіметтің дербестігі және экономикалық саясатты іске асыру үшін толық жауапкершілігі ескеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Президент Әкімшілігінде тапсырмалардың жобаларын дайындау сатысында оларды іске асыру жөніндегі бақылауды бекітуде, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының қарарларында оларды бақылауға және тиісті шешімдерді қабылдауға жауапты мемлекеттік органның деңгейі айқындалады.";

      33-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Президент тапсырмаларының жобасын әзірлеу мемлекеттік органдарға тапсырылған жағдайда, Президент Әкімшілігі оны келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні мерзімінде, оның ішінде осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкестігі, сондай-ақ Президенттің бұрын берген тапсырмаларымен қосарлануын болдырмау тұрғысынан қарауды және келісуді қамтамасыз етеді.

      Президент тапсырмаларының жобасы Мемлекеттік құқық бөлімімен, Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, оларға тиісінше жетекшілік ететін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен, Президент Кеңсесінің бастығымен, Президенттің көмекшілерімен және кеңесшілерімен электрондық түрде ғана келісіледі. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының, тиісті жетекшілік ететін басшы лауазымды адамның, Жалпы бөлім басшысының визасы тапсырмалар жобасына электрондық түрде де, қағаз жеткізгішіне де қойылады.";

      37-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іс-шаралардың тұжырымдалуы мен орындалу мерзімдері бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда шешімді жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін Президент Әкімшілігінің басшы лауазымды адамы немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Президенттің актілері мен тапсырмаларын бақылау объектілері мыналар болып табылады:

      1) Президенттің актілері не актілерінің тармақтары;

      2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдар, Қауіпсіздік Кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы (сессия және Кеңес) және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Президенттің тапсырмалары (не тапсырмаларының тармақтары);

      3) Президенттің жеке тапсырмалары, соның ішінде оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Президент Әкімшілігінің ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;

      4) құжаттың қағаздағы жеткізгіштерінде "Бақылауға алынды" деген мөртабан немесе электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде Президенттің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары.";

      мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:

      "42-1. Президент Әкімшілігінде мыналар бақылауға қойылады:

      1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарында, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқықтық саясат және кадр саясаты мәселелерінде жаңа тәсілдерді тұжырымдауға және іске асыруға байланысты, сондай-ақ басқару салаларындағы жүйелік проблемаларды шешуге бағытталған тапсырмалар;

      2) заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді немесе жаңа кодексті немесе заңды қабылдауды талап ететін тапсырмалар;

      3) ірі маңызды индустриялық-өнеркәсіптік, әлеуметтік және өзге де жобаларды іске асыруға байланысты тапсырмалар;

      4) Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының (сессия және Кеңес) шешімдерінде қамтылған тапсырмалар;

      5) Президенттің жеке тапсырмалары, соның ішінде оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Президент Әкімшілігінің ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;

      6) Президент Әкімшілігі мен оның басшы лауазымды адамдарының атына тікелей берілген, сондай-ақ Президентті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысын тікелей хабардар етуді талап ететін тапсырмалар;

      7) Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының шешіміне сәйкес өзге де маңызды тапсырмалар.

      Қоғамдық резонанс тудырған мәселелерді қоспағанда, ағымдағы (жергілікті) сипаттағы тапсырмалар Президент Әкімшілігінің бақылауына қойылмайды.

      Барлық өзге тапсырмалар бақылауды бекітуге немесе Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшінің, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарының мазмұнына сәйкес Үкіметтің немесе орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бақылауына қойылады.

      Бұл ретте Үкімет пен мемлекеттік органдардың (Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды қоспағанда) бақылауына берілген Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды Үкімет жүзеге асырады.";

      43-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

      "43-1. Президент тапсырмаларының іске асырылу барысы мен түпкілікті орындалу нәтижелерін бақылауды тексеру объектісіне барып, жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы Президент Әкімшілігі жүзеге асыра алады.

      Жоспарлы тексерулер мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тексерудің бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі.

      Жоспардан тыс тексерулер Президент Әкімшілігі мемлекеттік инспекторларының, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жергілікті жерге тақырыптық сапарлары шеңберінде жүргізіледі.

      Тексеру:

      1) қажетті ақпаратты (қағаз және электрондық жеткізгіштердегі, оның ішінде ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған құжаттар) талап ету, сондай-ақ ақпаратты алу мақсатында тексеру объектісінің лауазымды адамдарын шақыру;

      2) автоматтандырылған деректер базаларына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

      4) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.

      Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тексеруге қатысуға мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқылы.

      Президент Әкімшілігінің тексеру жүргізу тәртібі Президент Әкімшілігінің Регламентінде белгіленеді. Тексеру шеңберінде Президент Әкімшілігі Үкіметтің немесе мемлекеттік органның бақылауына берілген тапсырмалар бойынша орындалу барысы және қол жеткізілген түпкілікті нәтиже мәселелерін қарайды.

      Үкімет Аппаратының Президент тапсырмаларының іске асырылу барысы мен түпкілікті орындалу нәтижелеріне тексеру жүргізу тәртібі Үкімет регламентінде айқындалады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Президенттің жекелеген актілері мен тапсырмаларының орындалуын жедел бақылау және мониторингтеу орындаудың барысы мен аралық нәтижелерін онлайн-режимде немесе өтпелі бақылау жолымен байқауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелер арқылы қашықтан жүзеге асырылуы мүмкін.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Президенттің актілері мен тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

      Халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырудың және ол туралы есептілікті ұсынудың ерекшеліктерін Президент айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. Президент пен оның Әкімшілігінің атына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктерін Президент Әкімшілігі айқындайды.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Президенттің актілері мен тапсырмаларын орындау осы актілерде және тапсырмаларда не олардың іске асырылуын бақылауды бекітуде көрсетілген мерзімдерде немесе Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарларында көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.

      Егер актінің/тапсырманың немесе тиісті қарардың мәтінінде орындау мерзімдері болмаса және құжатқа бақылауды бекіту жасалмаса, онда мерзімдер Президент Әкімшілігі белгілеген тәртіппен айқындалады және бақылаудағы тапсырманың электрондық карточкасында (мемлекеттік құпияларды қамтитын тапсырма үшін – қағаз түріндегі карточкада), сондай-ақ мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйесінде көрсетіледі.

      Тапсырмаларды орындау мерзімдері олар мемлекеттік органға және ұйымға келіп түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Президенттің жеке тапсырмаларын, егер тапсырма мәтінінің өзінде өзгеше мерзім белгіленбесе, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Президенттің орындау мерзімі алты айдан асатын, кешенді және ведомствоаралық сипаты бар актілері мен тапсырмаларын орындау өздерінің құзыреті шеңберінде екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолда барын өзгертуге бағытталған жағдайда, орындаушы мемлекеттік орган құжат келіп түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Егер әзірлеушісі Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкіметтің құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттігін қозғайтын болса, оның бірінші басшысы Премьер-Министрмен (оның міндетін атқаратын адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келіскеннен кейін ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекітеді.

      Егер әзірлеушісі өзге орталық мемлекеттік орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) ведомствоаралық сипаттағы іс-шараларды қамтитын болса, оны Премьер-Министрдің жетекшілік ететін орынбасары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы бекітеді.

      Әзірлеушісі жергілікті атқарушы орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) тиісті облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі бекітеді.

      Орындаушы мемлекеттік орган және қажет болған кезде оның ведомстволық бағынысты ұйымдары ғана қатысатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) осы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.

      Қажет болған жағдайда ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) жұмыс тәртібімен, оның ішінде Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сұрау салуы бойынша Президент Әкімшілігімен келісілуі мүмкін. Келісу Президент Әкімшілігі белгілеген тәртіппен бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Тапсырмаларды ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру кезінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) міндетті түрде әзірленеді. Орындаушы мемлекеттік орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді.

      Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған тапсырмалар бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекіту тәртібі осы Қағидалардың 57-тармағында белгіленген тәртіпке ұқсас.";

      66-тармақтың екінші бөлігіндегі "Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың" деген сөздер "Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:

      "66-1. Президент Әкімшілігі қажет болған кезде мерзімді негізде (ай сайын, тоқсан сайын немесе жартыжылдық, жылдық негізде) ресми хабардар ететін, бақылаудың аралық мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      Үкімет Аппаратының халықаралық іс-шаралар қорытындылары бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиынтық есептерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың енгізілген аралық есептілігі жетекшілік ету бағыттарына қарай Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Президент Кеңсесі бастығының, Президент көмекшісінің немесе кеңесшісінің қарауына жатады.

      Егер тапсырмада Президент Әкімшілігін хабардар етудің аралық мерзімдері белгіленбесе, оның орындалу барысын мониторингтеу мен бақылау Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері деңгейінде жұмыс тәртібімен, оның ішінде ресми электрондық пошта арқылы ақпарат алмасу, ақпараттық жүйелердің тиісті функционалын қолдану, тыңдау және тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Тапсырмаларды уақтылы орындамау тәуекелдері және тапсырмаларды орындамаудың өзге де елеулі проблемалары болған кезде Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары – Президент Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне жеке берілген және Президентті жеке хабардар етуді талап етпейтін тапсырмалар бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына хабарлайды және тиісті ұсыныстар енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 66-2-тармақпен толықтырылсын:

      "66-2. Президент актілері мен тапсырмаларының толық, уақтылы және сапалы орындалуын бақылау:

      1) болашақта жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуларды болдырмау мақсатында тапсырмалардың орындалуына, оның ішінде жобалық басқару, онлайн-сервистер, бейне-сервистер және басқалар арқылы мерзімді мониторинг жүргізу;

      2) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, оның ішінде қызметтік электрондық поштаны, мемлекеттік ақпараттандыру объектілерін пайдалана отырып, қажетті ресми ақпаратты талап ету;

      3) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

      4) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

      5) жергілікті жерге барып тексеру;

      6) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 66-3-тармақпен толықтырылсын:

      "66-3. Жекелеген тапсырмалардың орындалу барысын мониторингтеу мен аралық бақылау мерзімді есептілік форматы қолданылмай, оның ішінде:

      1) құрылыс объектілерін, монументтік өнер құрылысжайларын салу және пайдалануға енгізу немесе оларды реконструкциялау (жөндеу) мәселелері бойынша – жергілікті жерге бару арқылы, сондай-ақ қашықтан мониторингтеу жүйелері функционалының мүмкіндіктерін қолдана отырып, онлайн-режимде қашықтан бақылау жасау, оның ішінде бейнебайқауды қосу, фото- және бейнетүсірілімдерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте осы объектілер бойынша фото- және бейнетүсірілімдер ұсынуды, сондай-ақ бейнебайқауды оған Президент Әкімшілігі жауапты қызметкерлерінің қол жеткізуіне мүмкіндік бере отырып, орындаушы мемлекеттік орган қамтамасыз етеді;

      2) цифрландыру мәселелері бойынша – тестілік немесе тәжірибелік пайдалануға енгізілген ақпараттық жүйенің, өзге де ақпараттандыру объектілерінің функционалын таныстыру, сондай-ақ өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттық жүйеге қол жеткізу құқығын (мүмкін болған жағдайда) беру арқылы;

      3) заңнамалық түзетулерді немесе жаңа заңнамалық актіні қабылдау мәселелері бойынша – жауапты мемлекеттік органдардан осындай тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жұмыс тәртібімен сұрату, Қазақстан Республикасының Парламентіндегі заң шығару процесінің жай-күйін мониторингтеу, сондай-ақ заңдардың нақты атауларын көрсетіп, заңдардың немесе заңнамалық түзетулердің жобаларын белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігімен алдын ала ресми келісе отырып, заң шығару процесінің ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы;

      4) қоғамдық маңызы бар, мерейтойлық және халықаралық іс-шараларды өткізу, көшелерге және мемлекеттік меншік объектілеріне атау беру мәселелері бойынша – іс-шараның ұйымдастырылу барысын жұмыс тұрғысынан бақылау және Президенттің немесе Президент Әкімшілігі, Үкімет басшылығының, Президент Әкімшілігінің немесе Үкімет Аппаратының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен немесе іс-шараны, көшелерге және мемлекеттік меншік объектілеріне атау беруді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап-көрсетумен расталған іс-шараны өткізу фактісі бойынша орындалу нәтижесін бақылау арқылы жүзеге асырылады.

      Тапсырмаларды іске асыру мерзімі ішінде жұмыстарды аяқтау мерзімдерінің бұзылу тәуекелдері болған және (немесе) туындаған әртүрлі мән-жайларға байланысты орындау мүмкін болмаған жағдайларда орындаушы мемлекеттік орган бұл туралы Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне дереу хабарлайды.

      Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Қағидалардың осы тармағында көрсетілген тапсырмаларды уақтылы, сапалы, толық орындамау тәуекелдері және оларды орындамаудың өзге де елеулі проблемалары анықталған кезде – Президент Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне жеке берілген және Президентті жеке хабардар етуді талап етпейтін тапсырмалар бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына хабарлайды және тиісті ұсыныстар енгізеді.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Президенттің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Үкімет ақпараты Президент Әкімшілігіне енгізіледі, оған Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарының адресатына қарай Премьер-Министр, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы қол қояды.

      Президент Кеңсесінің бастығына, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілеріне жолданған Президенттің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы аралық есептік ақпарат Үкімет Аппараты Басшысы орынбасарларының, мемлекеттік органның бірінші басшысы орынбасарларының және алқалы органдар мүшелерінің қолы қойылып енгізілуі мүмкін.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Президент актілерінің немесе тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдары виза қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысына келісімі негізінде Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша оларды орындау мерзімін ұзарту, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешімді Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.

      Бастапқы белгіленген мерзім ішінде объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша тапсырманың орындалуын аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.

      Белгіленген мерзімде объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша тапсырманы орындауды аяқтау мүмкін болмаған, сондай-ақ тапсырманы орындау нәтижелерінің тиімділігін немесе оның ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсерін бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайларда ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.";

      70-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) төтенше жағдайға, төтенше ахуалға және карантин шараларына байланысты мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруға шектеулер енгізілген жағдайларда, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы немесе жауапты орындаушы мемлекеттік органның хаты негізінде орындаудың жаңа мерзімін белгілеу (мерзімді ауыстыру) туралы шешім қабылдануы мүмкін.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаудың жаңа мерзімін белгілеу (мерзімін ауыстыру) туралы шешімді Президент немесе Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын және оның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының шеңберінде тапсырмаларды орындау мерзімін қайталап ұзартуға айрықша жағдайларда, Президенттің шешімі бойынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларының, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар) бірінші басшыларының тиісті орынбасарларының тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, актілер немесе тапсырмалар тармақтарының орындалу мерзімін қайталап ұзартуға Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша, мемлекеттік саяси қызметшілер мен ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімін қайталап ұзартуға айрықша жағдайларда, Президенттің немесе Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша, мемлекеттік саяси қызметшілер мен ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.

      Қабылданған шаралар туралы ақпарат Президент Әкімшілігіне бір айдан аспайтын мерзімде ұсынылады.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Президенттің жеке тапсырмаларын орындау мерзімдерін ұзартуды оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Президент Әкімшілігінің ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларды қоспағанда, Президент қана жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын:

      "74-1. Орындалуын бақылау бастапқыда Үкіметке немесе орталық және жергілікті атқарушы органдарға, ұйымдарға бекітілген, сондай-ақ Президент Әкімшілігі олардың бақылауына берген Президенттің актілері мен тапсырмалары бойынша орындалуын бақылауды жүзеге асыру және мерзімін ұзарту, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылдау тәртібі осы Қағидалардың 5073-тармақтарының нормаларында белгіленген тәртіпке ұқсас. Тиісті шешімдер қабылдау деңгейі тиісінше Үкімет регламентінде немесе орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ішкі регламенттерінде айқындалады.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Актілердің және тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін:

      1) толық және сапалы орындау, оның ішінде қол қойылған заң, Президенттің немесе Үкіметтің қабылданған актісі;

      2) Президенттің бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қайталайтын) жаңа тапсырмасы;

      3) туындаған объективті мән-жайларға байланысты орындаудың мүмкін болмауы;

      4) орындауды одан әрі бақылауды Үкіметке немесе басқа мемлекеттік органға, ұйымға беру негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

      "75-1. Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар жыл қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігіне осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша олардың бақылауына берілген тапсырмалардың орындалуын бақылаудың жай-күйі мен нәтижелері туралы ақпарат енгізеді. Үкіметтің есебі Президент Әкімшілігіне жетекшілік ету бағыттарына қарай Премьер-Министр орынбасарының немесе Үкімет Аппараты Басшысының қолы қойылып енгізіледі және ол өзінің құрылымы бойынша Үкіметтің құрамына кіретін министрліктер жетекшілік ететін салалардағы тапсырмалардан тұруға тиіс.";

      76-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Президент актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы:";

      "Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент немесе Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 76-1-тармақпен толықтырылсын:

      "76-1. Осы Қағидалардың 66-3-тармағында көрсетілген тапсырмаларды бақылаудан алу мынадай тәртіппен:

      осы Қағидалардың 66-3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша – жауапты орындаушы мемлекеттік органның ресми есебі ұсынылмастан, Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің монументтік өнер құрылысжайларын салу (орнату) фактісі туралы қызметтік жазбахатының негізінде, ал өзге де құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау (жөндеу) мәселелері бойынша орындаушы мемлекеттік органның пайдалануға енгізіле отырып, құрылыс жұмыстарының аяқталғаны және олардың нысаналы мақсатына сәйкес одан әрі пайдалануға әзірлігі туралы қорытынды есептік ақпараты негізінде;

      осы Қағидалардың 66-3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша – жауапты орындаушы мемлекеттік органның түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілгені туралы қорытынды есебі ұсыныла отырып, Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің цифрландыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және олардың функционалын тестілеу туралы қызметтік жазбахаты негізінде;

      осы Қағидалардың 66-3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша:

      егер тапсырмада аяқталу нысаны және/немесе түпкілікті нәтижесі бойынша реттеу нысанасын көрсететін нақты атауы көрсетілген жеке заңнамалық актіні қабылдау көзделсе – мемлекеттік органның ресми есебі ұсынылмастан және Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы енгізілместен, Президенттің қол қою фактісі бойынша;

      егер тапсырманың мазмұнында заңнамаға түзетулер қабылдау көзделсе – жауапты орындаушы мемлекеттік органның ресми есебі ұсынылмастан, Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қабылданған заңнамалық актілердің нақты атауы және тапсырманы орындаудың қысқаша мазмұны көрсетілген сараптамалық қорытындысы негізінде;

      осы Қағидалардың 66-3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша – мемлекеттік органның ресми есебі ұсынылмастан және Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы енгізілместен, іс-шараны өткізу, көшелерге және мемлекеттік меншік объектілеріне атау беру фактісі бойынша жүзеге асырылады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Президенттің жеке тапсырмаларын және оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Президент Әкімшілігінің ресми аккаунттарында жарияланған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент қана жүзеге асырады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Президент Әкімшілігінің деңгейінде бақыланатын Президент актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігінде бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындысы бойынша Президентке:

      1) Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылаудың жай-күйі мен нәтижелері;

      2) жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының және Президенттің сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндайды.";

      мынадай мазмұндағы 80-1-тармақпен толықтырылсын:

      "80-1. Үкімет жыл қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігіне мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру барысы туралы есеп пен қорытындыны енгізеді.";

      5-қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымшада:

      4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, жаңа мерзімді белгілеу туралы тұжырымдары мен ұсыныстары.";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "* Президент Әкімшілігінің құқықтық актісінде белгіленген жағдайлардан басқа ретте, орындалу мерзімі он жұмыс күніне дейінгі жедел сипаттағы тапсырмалар, сондай-ақ кеңестерге және өзге де халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға ақпараттық-анықтамалық материалдар, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын беруге байланысты тапсырмалар.";

      осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы Жарлық, ақпараттық жүйелердің пайдалануға дайын болған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін ақпараттық жүйелер функционалының мүмкіндіктерін қолдану бөлігінде осы Жарлықтың 1-тармағының бір жүз оныншы, бір жүз он екінші және бір жүз он үшінші абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 403 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауын
дайындау және іске асыру,
актілерімен және
тапсырмаларымен жұмыс істеу
және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру,
нормативтік құқықтық
жарлықтарға мониторинг
жүргізу қағидаларына
5-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің ____________________________ 20__ жылғы ___ _______ № ____ актісін немесе тапсырмасын іске асыру бойынша БАҚЫЛАУДЫ БЕКІТУ

р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

Түпкілікті нәтиже*

Жауапты мемлекеттік орган

Бақылауға жауапты мемлекеттік орган (Үкімет, орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган).
Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі

1.







2.













      __________________

      * түпкілікті нәтиже өздерінің мазмұны белгілі бір өлшенетін әлеуметтік-экономикалық немесе өзге де әсерге жетуге мүмкіндік беретін нақты тұжырымдалған шаралар қабылдауды болжайтын тапсырмалар мен актілер бойынша ғана айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 403 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауын
дайындау және іске асыру,
актілерімен және
тапсырмаларымен жұмыс істеу
және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру,
нормативтік құқықтық
жарлықтарға мониторинг
жүргізу қағидаларына
8-ҚОСЫМША

Үкіметтің (орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның) өздерінің бақылауына берілген тапсырмалар бойынша жыл сайынғы жиынтық есебінің нысаны

р/с №

Тапсырманың деректемелері

Тапсырманың мазмұны

Орындалу мәртебесі (орындалған, орындалуда)

Егер тапсырма орындалса, түпкілікті нәтиже қысқаша баяндалсын

Егер тапсырма орындалып жатса, аралық нәтиже қысқаша баяндалсын (оның ішінде мерзімдерді ұзарту, орта мерзімді/ ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, жаңа мерзімдерді белгілеу фактілері көрсетіле отырып)


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында

1.







Денсаулық сақтау саласында

1.







Білім беру саласында

1.







……………… саласында

1.






      __________________

      * орталық мемлекеттік органдар өздерінің ережелеріне сәйкес реттеу саласын көрсетеді.